Оқу кабинеті туралы ереже



бет7/9
Дата31.07.2020
өлшемі69,66 Kb.
#75830
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Паспорт кабинета

Ескерту:


  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба және гимн бөлменің алдыңғы қабырғасында, тақта үстінде ілінуі тиіс.

  • оқу-танымдық стенділер оқушылардың оң жағындағы қабырғаға орналастырылады;

  • ақпараттық стенділер оқушылардың артқы жағындағы қабырғаға орналастырылады.



    1. Кабинеттегі жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар


  1. Жиһаздар мен құрылғылар оқушылар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс. Құрылғылардың саны, көлемі, орналасуы мекеменің пішініне, бөлмелердің ерекшеліктеріне және қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес орнатылады. Арнайы түзету мекемелерінің құрылғылары мен жиһаздары педагогикалық үрдістің ерекшеліктеріне және емдік-түзету шараларына байланысты таңдалады.

  2. Құрылғылар, жиһаздар мен санитарлық-техникалық құралдар жұмыс істейтін қалыпта болуы тиіс және өзінің тағайындалуы бойынша қолданылуы керек. Бөлмеде, құрылғыларда ақаулар пайда болса, өз кезегімен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп немесе жаңа мүлікке айырбастау қажет.

  3. Нысандардағы оқу кабинеттері, зертханалар бекітілген өлшемдерге сай жұмыс үстелдерімен және орындықтармен қамтамасыз етіледі. Парталар, үстелдер, шкафтар ағаштың табиғи түсіне сәйкес немесе ашық жасыл түсті болуы шарт. Арқасы жоқ орындықтар мен отырғыштарды пайдалануға болмайды.

  4. Әр оқушы мен тәрбиеленушінің партасының немесе үстелінің жанында оның бойы мен денсаулық жағдайына сай келетін жұмыс орны болуы керек. Оқу жылының басында сынып журналында отырғызу сызбасы мен денсаулық парақшалары толтырылады. Есту, көру қабілеттерінде кемістігі бар балалардың парталары алғашқы қатарға орналастырылады. Көзі нашар көретін балалардың парталары алғашқы қатарда терезенің жанына қойылады. Жедел респираторлық аурулармен, ангина, суық тию ауруларымен жиі ауыратын балалардың парталары қабырғадан алшақ орналастырылады.

  5. Жалпы білім беретін ұйымдардың оқу жиһазының өлшемі.

Оқушының бой тобы (миллиметрмен)

Оқушыға қарай еденнен үстел бетіне дейінгі ұзындық

Маркировка түсі

Еденнен орындықтың алдыңғы шетіне дейінгі ұзындық

1000-1150

460

Қызыл сары

260

1150-1300

520

Күлгін

300

1300-1450

580

Сары

340

1450-1600

640

Қызыл

380

1600-1750

700

Жасыл

420

1750 жоғары

760

Көгілдір

460

Оқушылардың өсу тобы (миллиметрмен) 1000-1150 – 460. Оқу бөлмелеріндегі құрал-жабдықтардың арасындағы жол және ара қашықтық төмендегідей болуы тиіс:

  1. алдыңғы қатардағы үстелдер мен көрсету үстелінің арасы 60 см-ден кем болмауы керек;

  2. сынып тақтасы ілінетін алдыңғы қабырға мен үш қатар деп есептегендегі алдыңғы парталардың арасы 250 см-ден кем болмауы керек;

  3. үстелдер тобының арасы – 140 см-ден кем емес;

  4. бір қатардағы үстелдердің арасы –50 см-ден кем емес;

  5. сынып бөлмесіндегі тақта мен ең соңғы оқушының орны арасы – 860 см;

  6. тақта ілінген қабырғадағы тақта мен еденнің арасындағы биіктік барлық сыныптар үшін – 80-90см;

  7. шеберханалық сыныптарда станоктар қатарының арасы– 130 см, тірек- қимыл жүйесінде кемістігі бар балалар үшін – 170 см-ге дейін, бір қатардағы станоктардың арасы – 80 см кем емес, станоктар мен қабырғаның арасы 50 см-ден кем болмауы тиіс.

  8. аяқ машиналары шеберханалық сыныптарда терезеге жақын орналастырылады, машинаның аяғына жарық сол жақтан түсіп тұруы шарт.

Сынып тақталарының өлшемі мен құрылымы әртүрлі болады: қозғалмалы, ашылып-жабылатын, биіктігін өзгертуге болатын, еңкейтілетін тақталар. Сынып тақталары қою жасыл немесе қоңыр түстес болады, бор қоятын бөлігі болуы тиіс.

Есту қабілеті төмен оқушылар үшін парталар мен үстелдер педагогтың үстелін айнала шеңбер тәріздес орналастырылады. Сабақ барысында әр оқушымен жеке жұмыс жасау үшін парталар мен үстелдердің арасындағы ара қашықтықты өзгертуге болады.

Көзі көрмейтін балаларды оқытуға арналған бөлмелер өлшемі мен арнайы қызметіне қарай Брайл оқулықтарымен сабақ өткізуге мүмкіндік беретін көлденең тақтасы бар үстелдермен жабдықталады.

Көзі көрмейтін немесе нашар көретін балалар үшін арнайы оптикалық құрылғылар, жабдықтар жинағы, құралдарды қосымша қолдануға болады.

Оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс жаққа бағыттап орналастырады. Солтүстікке, солтүстік-шығысқа, солтүстік-батысқа сызу, сурет салу кабинеттері, ас үй бөлмелері бағытталады, есептеуіш техника кабинеттері солтүстік, солтүстік-шығысқа бағытталады.

Оқу бөлмелерінде сол жақтан жарық түсіп тұрады. Екі жақты жарықтандыруда, бөлме тереңдігі 6 м-ден асатын жағдайда, төбеден биіктігі 2,2 м болатын оңжақты жарық орнатылады. Негізгі жарықты оқушылардың артынан немесе алдынан түсетін етіп жасауға болмайды.

Терезенің алдына үлкен жапырақты гүлдер қоюға болмайды, өйткені олар табиғи жарық түсу деңгейін төмендетеді.

Жалпы жасанды жарық барлық бөлмелерге орнатылады. Ал жеке қызметтік аймақтарды, жұмыс орындарын жарықтандыру үшін жергілікті жарықтандыру қолданылады.

Сынып тақтасы оған параллель орнатылған екі жарықшамдармен жарықтандырылады, ол тақтаның жоғарғы қырынан 0,3 м биіктікте және тақтаның алдында 0,6 м сыныпқа қаратылып орнатылады.

Көру патологиясының түрлеріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық деңгейі төмендегідей:



  1. алыстан көре алмайтын және алыстан өте жақсы көретін балалар үшін 1000 лк; көру жүйесі бұзылған (жарыққа қарай алатын) және көз торы бұзылған балалар үшін 1000-1500 лк;

  2. жарыққа қарай алмайтын балалар үшін – 500 лк аспауы керек;

  3. жалпы жарықтандыру жүйесіндегі жасанды жарықтандыру деңгейі 400 лк-ден аспауы керек;

  4. әрбір жұмыс орны жергілікті жарықтандыру есебінен қуаттылығы 40 ватт болатын қызу қуат үнемдейтін шамдарымен жабдықталады. Жарықшамдар үстелдің үстіне қатты бекітіліп, жарықтың биіктігі мен оны бұруға мүмкіндік беретін қозғалмалы тіреуішпен бекітіледі.

Сыныпта жақсы жұмыс істеп әрі ауасын тазартып отыру үшін бөлме өсімдіктерін өсіру қажет (әсіресе гүлдейтін өсімдіктер адамның көңіл-күйін жоғарылатып, жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғыза алады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет