Cынып және пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тақырыптық жүйеленуі
Тақырыптық-күнтізбелік картотека үлгісі :
САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ
|
І. ДҚ
Демонстрациялық құралдар
|
II. ҮМ Үлестірмелі материалдар
|
III. ОӘӘ
Оқу-әдістемелік әдебиет
|
IV. ДМ
Демонстрациялық модельдер
|
V. АҚ
Аудиовизуальды құралдар
|
Кестелер
|
Сызба-кестелер
|
Жұмыс дәптерлері
|
Кеспе қағаздар
|
Деңгейлік материалдар
|
Тест материалдары
|
Ақпараттық
|
Анықтамалық
|
Танымдық
|
Геометриялық фигуралар
|
Электрондық оқулықтар
|
Дискілер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Берілген жүйелендірудің бағалау жүйесі келесі түрде жүзеге асырылады: әр параллель сыныптарға берілген үлгі бойынша толық толтырылған жағдайда 2 балл қойылады, толық емес жағдайда – бір балл. Берілген пункт бойынша балл саны тақырыптық картотека саны мен сапасына тәуелді. (Мысалы, физика кабинетінде 9,10 және 11 сыныптар бойынша барлық тақырыптарға күнтізбелік- тақырыптық картотека бар. Қорытынды кестесінде 6 балл қойылады).
Стенд материалдары
Оқу кабинетінің стенд материалдары санитарлық-гигиеналық, эстетикалық талаптарға сай түрде (стенд дизайны, бөлме өсімдіктерінің коллекциясы, сынып бөлмесінің бояулық гаммасы) жасалып, төмендегідей талаптарды қамтиды:
тұрақты және ауыспалы оқу-ақпараттық стенділер (оқушылардың білім стандарты талаптарын дұрыс орындау үлгілері, жиі кездесетін қателерді талдау, олимпиада және байқау тапсырмалары мен нәтижелері, оқушыларға арналған шығармашылық тапсырмалар және басқалар);
оқу-танымдық стенділер (үй тапсырмаларын ұйымдастыру және орындау, әртүрлі формадағы оқу-танымдық шараларды: практикум,семинар, лабораториялық жұмыстар, тестілеу, сынақтар, емтихандар және басқа да іс- шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар);
ақпараттық стенділер (техникалық қауіпсіздік ережесі, оқу кабинетіндегі сабақ кестесі: міндетті бағдарлама, факультатив және үйірме сабақтары, үлгермеушілермен және дарынды балалармен жеке сабақтар, кеңестер т.б. бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: |