Берілген ереже 2011 жылы 24 қазанда шығарылған ҚР «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы
№1193 «Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысымен бекітілген, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы №611 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептер мен интернаттардың құрамы, оқыту жағдайы мен мазмұнына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелер мен нормаларына сәйкес оқу кабинетінің жұмысын реттейді (ҚР Әділет министрлігінің 2017 жылдың 13 қыркүйегіндегі №15681 бұрығымен тіркелген).
Оқу кабинеті пән бойынша терең білім алуға, оқушылардың тұлғасын қалыптастыруға, оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Оқу кабинеті гигиеналық, оқу-зерттеу, эстетикалық талаптарға және оқу үдерісінің техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келуі тиіс.
Кабинет қызметін ұйымдастыру кабинет меңгерушісіне жүктеледі. Ол директордың бұйрығымен тағайындалады және қызметінен босатылады.
Кабинет меңгерушісінің міндеттері:
кабинет меңгерушісі кабинеттегі жұмысты басқарады, жұмыс тәртібін, сабақ кестесін, консультацияларды, қосымша сабақтарды және т.б. анықтайды, құжаттама жүргізеді;
оқу жылына жұмыс жоспарын құрайды, оның орындалуына бақылау жүргізеді;
кабинетте жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында міндеттерді бөледі;
кабинетті безендіретін мұғалімдер және оқушылар кеңесін басқарады;
құрылғылардың мүлтіксіз сақталуына және жұмыс жасауына жауап береді;
оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауап береді, уақытылы өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуге жауапты.
Оқу кабинетін куәландыру үш жылда бір рет жүргізіледі (жаңа оқу жылына оқу кабинетінің дайындығы туралы мектепішілік комиссия рұқсат берген акт негізінде).
Оқу кабинеттерін тексерістен өткізгеннен кейін, оқу кабинеттерін куәландыру туралы комиссия шешімінің нәтижесі бойынша мектеп әкімшілігі кабинет меңгерушісіне куәлік береді, ал мектеп директоры кабинет меңгерушісіне төлемақы жүргізу туралы бұйрық шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |