Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жалпы білім беретін мектептердің МҰҒалімдеріне арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал бақылау диктанттары



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі281,5 Kb.
#83399
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
қазақ тити

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ


6 - сынып

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.

Мақсаты: Өткен оқу жылында қазақ тілі пәнінен 5- сыныпта меңгерген білімдерін тексеру.

Отбасы - сыйластық ортасы.

Отбасы - сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс.
Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.
(55сөз)
(Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды 2007оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөздерді септеңдер.
Мінез. Еңбек

ІІ деңгей. Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем құраңдар.


Көркем. Халық.

І деңгей. Отбасы туралы 5,6 мақал - мәтелдер жазу.


Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған I тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: Оқушылардың сауатты жазу деңгейін тексеру, І тоқсанда өтілген лексика- грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергендігін тексеру. Берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың біліктілігін анықтау.

Зергерлік дүкенінде


Сақина, сырға, білезік, алқа, жүзік – шеберлікпен жасалатын сәндік бұйымдар. Олар асыл металдар, бағалы тастардан жасалады. Зергер жасаған ерекше бұйымдар өте құнды болып есептеледі. Мұндай бұйымдарды зергерлік дүкенінен сатып алуға болады. Зергерлік дүкеніне кіргенде, керемет сұлулық әлеміне бөленесін. Алтыннан, күмістен жасалған әшекейлер еріксіз көз тартады. Дүкен сөрелерінен гауһар, маржан, меруерт, сумоншақтарымен әшекейленген түрлі бұйымдарды көріп, тиісті бағасына сатып алуға болады.
(59 сөз)
( Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды .2007оқу жылы)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Сұлулық. Гауһар.

ІІ деңгей. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңдар:


І нұсқа. Зергер, баға, көңіл.
ІІ нұсқа. Сән, әшекей, ажар.

І деңгей. «Зергерлік дүкенінде» тақырыбына байланысты, берілген үстеулерді қолдана отырып, 3-4 сөйлем құрастырыңдар. (Биыл, көп, бүгін)

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IІ тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын және сауаттылықтарын тексеру.

Туған күн кеші.

Кез келген адамның өмірінде бақытты кездері аз болмайды. Сонын бірі - адамның дүние есігін ашқан күні. Туған күн , әдетте , отбасы мерекесі ретінде атап өтіледі. Арнайы дастарқан жасалып, шақырылған жақын жолдастары, туыстары жиналады. Туған күн иесін құттықтап, әр түрлі сыйлықтар ұсынылады. Жолдастары, құрбы-құрдастары ақ тілектерін білдіреді. Кештің соңы көңілді әнге, биге, жарасымды әзіл күлкіге айналады.


Туған күн – адам өміріндегі ерекше күндердің бірі.
(61 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар


І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөздерді тәуелде.
Туған күн Жолдас

ІІ деңгей. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың қай мағыналық топқа жататындығын анықтаңдар.

І деңгей.

Досыңның туған күніне құттықтау жазу.

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жартыжылдық бақылау жұмысы.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жартыжылдықта алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.


Астана- болашағы үлкен қала.

Астана-болашағы үлкен қала. Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Ол да жедел жаңарып жатыр. Екінші жағалауында- жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт- дәстүрді білдір еді. Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар.Астана қаласы- жаңа Қазақстанның белгісі.


(60сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 8 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Бастауыш пен баяндауыштың арасына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.
Мектеп кеме, білім теңіз. Қазақстанның астанасы Астана қаласы

ІІ деңгей. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі ықпал түрлерін анықтаңдар.


Көп бала, тасжол, сөзсіз. Досжан, көк аспан, айтып бер.

І деңгей. Берілген тақырыптар бойынша ой толғау жазыңдар. «Астана- арман қала» немесе «Астана- бас қала»

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: Өтілген «Етістік шақтары», «Етістік райлары» тақырыптары бойынша оқушылардың алған білім, білік деңгейлерін және сауаттылығын тексеру.

Қазақ тілі сабағында

Біз биыл 6-сыныпта оқып жүрміз. Қазақ тілі сабағы аптасына бес рет болады. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. Біз сабақта мәтінді оқып, мазмұнын айтамыз. Бір-бірімізге сұрақ қойып, жауап береміз. Түрлі тақырыптарға диалог құрастырамыз. Диктант, мазмұндама, шығарма жазамыз. Сабақта көбінесе ауызша сөйлеуге тырысамыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырамыз. Өлеңдерді жаттаймыз. Фонетикалық, синтаксистік талдау жасаймыз. Біздің мұғалім өте білімді, тәжірибелі адам. Қазақ тілі сабағы маған өте ұнайды.


(65 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова,
Г.Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. . Берілген етістіктерді өткен шақта жікте.
Жаттау Құрастыру

ІІ деңгей. Берілген етістіктерді рай түрлеріне қойып жазыңдар.


І нұсқа. Жаттау, ұнату, құрастыру ( І жақта)
ІІ нұсқа. Жаттау, ұнату, құрастыру ( ІІжақта)


Ашық рай



Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай












І деңгей.


«Менің сүйікті пәнім» шағын әңгіме жазу.
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: : Өтілген тақырыптары бойынша оқушылардың алған білім, білік деңгейлерін және сауаттылығын тексеру.

Сенбілік

Біздің мектепте әр апта сайын сенбілік өткізіледі. Мектеп оқушылары бұл іс-шараға белсене қатысады. Әр сыныптан екі-үш оқушы, көбінесе қыздар, сыныпты тазалауға қалады.


Бастауыш сынып оқушылары мектептің ауласын жинайды, сыпырады, жасыл желектерді суарады. Ал жоғары сыныптың оқушылары көше бойын сыпырады, кейде ағаш отырғызады. Оқушылар сенбілікке еңбек құралдарымен келеді. Біреуі – сыпырғыш әкелсе, екіншісі- күрек, үшіншісі шелек әкеледі. Біз сенбілікте тәртіп сақтап, берілген тапсырмаларды тиянақты орындаймыз.
(65 сөз)
(Қазақ тілі 6 сынып. Дидактикалық материалдар Ж.Нығмет, Ф.Төрегелдиева)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазыңдар.

ІІ деңгей. Берілген етістіктерден қалау рай, бұйрық рай жаса


қатысамын, тазалаймын

І деңгей. Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар


1 сөйлем 2 сөйлем

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.


Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жыл бойы алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.


Шахмат үйірмесі

Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш- төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы- болашақта шахмат ойынының шебері болу.


Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын босқа өткізбей, өзінің сүйікті ісіне арнады. Ол әрбір жеңісін мақтан тұтады және болашақта шахмат шебері болатынына сенімді.
(63 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова,
Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:


І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрастыр.
Ақыл, қасиет Ой, ұстам

ІІ деңгей. Мезгіл, күшейткіш, мекен үстеулердің түрлерін ажыратып, сөз тіркесін құраңдар.


Жоғары, кеше, өте аса, биыл, алдында

І деңгей. Берілген тақырып бойынша шағын әңгіме жазыңдар.


«Мектеп үйірмелері»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет