Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Ұстаз-ғалым Ж.Дәдебаевтың



бет60/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Ұстаз-ғалым Ж.Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) «Бө лтірік Әлменұлы және шешендік өнері »(1996), «Жазушы еңбегі» (2001)атты зерттеулері қазақ әдебиеті тарихның арғы-бергі кезеңдерін танып, талдауға арналған. Айталық, «Өмір шындығ ы және көркемдік шешеім» атты монографиясында қазақ романдарындағы өткен дәуірлер болмысын көркемдік-реалистік тұрғыдан жинақтап, сол арқылы туындының поэтикалық құ рылымындағы тарихи-этнографиялық, фольклорлық, әдеби материалдардың танымдық, тә рбиелік қызметтеріне, қаламгердің өмір құбылыстарын таңдап, талғау мәнер-машықтарына назар аударылады. Бұл мәселелер негізінен, - «Көркем шығарма және оның тарихи негізі», «К өркем шығарма және оның этнографиялық негізі», «Көркем шығарма және оның фольклорлық негізі» , «Көркем шығарма және оның әдеби негізі» сынды тараулар арқылы жүйелі арна алып, әлеуметтік-рухани өзгерістерге, кеше-бүгін байланыстарына зор көңіл бөлінеді.
«Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері» атты еңбек бірнеше қырларымен ден қойғ ызады:

  • Шешендік өнер табиғаты, шешен таланты мен оны жасаушылардың байырғы ө кілдері хақында жүйелі, нақтылы деректер беріледі:

  • Қазақ шешендік өнеріндегі – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің өнегелі өмірі мен дәстү р тағлымдары кеңінен көрсетіледі:

  • Билер дәуірінің көрнекті өкілі Б.Әлменұлының әдеби мұрасы, ондағы кө ркемдік-эстетикалық мұраттар, ақыл-билік, ділмар сөздер, өрнекті ойлардың сыры ашылады.

«Жазушы еңбегінде» талант табиғаты, қаламгерлік мұрат пен оның басты кезеңдері, шығ армашылық процесс, өмір шындығы мен көркемдік шешім сырлары жан-жақты сөз етіледі. Автор жазушы еңбегін көркемдік қиял, тарих шындығы, халық әдебиеті мен мәдениеті, әдеби мұра мәселелерімен тығыз бірлік – байланыста қарастырып, осының негізінде өмір шындығ ынан өнер туындысын жасаудың шығармашылық қырларына зор маңыз береді. Ол үшін әрине тарихи дерек көздеріне, өмір материалдарына, көркемдік-сюжеттік желілерге, шығармашылық процесс аясында жазушының ойдан шығару мен ақиқат жайттарға қатынас, көзқарастарына кө п көңіл бөлінеді. Әдеби шығарманың тарихи негіздері, қазіргі қазақ романдарының мағыналы қ-құрылымдық жүйесі, этнографиялық, фольклорлық материалдардың көркем туындының поэтикалық жүйесіне әсер-ықпалы арнайы қарастырылады.
Негізінен алғанда, ұстаз-ғалым Ж.Дәдебаевтың ізденіс-еңбектері туған халқының өткен кезеңдерін, тағдыр-талайын әр қырынан сөз етіп, ел мұраты мен азаттық, теңдік жолында жанын жалау еткен тұғырлы тұлғалардың орын-үлестерін айқындап, кейінгі ұрпақ-буындарға үлгі-ғибрат етіледі.
Бұл – бір.
Екіншіден, қайсібір тақырып, мәселелер арғы-бергі үлгі-нұсқаларымен салыстырылады, қажетті әдебиеттер, дерек-құжаттар қатар көрсетіліп, өмір-уақыт сырларын көркем, жүйелі, жатық жеткізіледі.
Үшіншіден, ежелгі мәдениет куәлары, әулие ата-бабалар, би-шешендер, халық өнерпаздары т.б. өмір- уақыт шындықтары мен бүгінгі күннің талап-талғамы тұрғысынан қарастырылып, тарихи-ұлттық сипаттарына, танымдық-тәрбиелік мұрат-міндеттеріне маңыз беріледі.
Ең негізгісі, профессор Ж.Дәдебаев қазақ сөз өнерінің құпия-сырларына қанық, тарихи-к өркем шығармалар табиғатын тамыршыдай тап басып танып-талдайды, ондағы өмір-уақыт ақ иқаттарын әдебиет теориясының талаптарымен тарихи-руханияттық категорияларға, көркем танымдар жүйесіне сай саралап, өзіндік ізденістері тарапынан дерек-дәйектер арқылы дамытып, көзқарас-толғамдарын батыл да еркін жеткізе алатыны айқын аңғарылады. Осының негізінде көркем-тарихи туындылардағы – СӨЗ бен САЗ ажырамастай бірлік-үйлесім тауып, ізденіс нәтижелері, зейінді зерттеу сыны мен сымбатын бұзбастан қалың көптің рухани талап-талғамы деңгейінен шығып отырады.
Асылы, рухани мұра-мирастарымен де қалың көпшіліктің қажетін өтеу – Азаматтық қ арыз-парыздардың бір өлшемі емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет