Аполог- қысқа көлемді астарлы туынды.
Арнау – шығарманың бастапқы бөлігінде берілетін автор сөзі.
Архитектоника – әдеби шығарманың тұтастығы, бүтіндігі мен сәйкестігі.
Ассонанс – әдеби туындыларда бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.
Антоним – мағынасы қарама-қарсы сөздердің жиынтығы.
Әдебиет – араб сөзі, сөз асылы дегенді білдіреді.
Ауыз әдебиеті – халық мұрасы, ауызша таралған қымбат қазына.
Әдеби байланыс – әдебиеттер арасындағы көркемдік сабақтастық ,өнер туындысындағ ы жалғасқан дәстүр , әсер- ықпал.
Әдеби жанр – көркем туындының тұтас табиғатын танытады.
Әдеби мұра – сөз өнерінің көне кезеңдерінен жеткен құнды жәдігерлер.
Әдеби сын – әдебиеттану ғылымының іргелі саласы, әдеби үдерістің күретамыры.
Әдебиет теориясы – туынды табиғатын, қоғамдық-көркемдік қызметі мен әдіснамалық сипаттарын айқындайды.
Әдебиеттану – көркем әдебиеттің бастау арналарын, даму бағыттары мен ерекшеліктерін қарастырады.
Әсірелеу- көркемдеу тәсілі, бір нәрсені шамадан тыс суреттеу, үлкейтіп көрсету.
Әдеби үдеріс – белгілі бір дәуірдегі әдебиеттің тұтас бағытын, ерекшелігі мен мазмұнын айқындайды.
Әдебиет тарихы – сөз өнерінің арғы-бергі кезеңдерін, даму-бағдарларын, ақ ын-жазушылардың шығармашылық мұрасын зерттейтін әдебиеттанудың өзекті салаларының бірі.
Библиография – баспа өнімдері туралы ақпараттық мағлұмат беретін ғылыми сала.
Дәйек сөз – түпнұсқа бойынша берілетін сөздердің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |