Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


тақырып. Қазақ прозасы: көркемдік пен шындық



бет14/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

6 тақырып.
Қазақ прозасы: көркемдік пен шындық
Қазақ прозасындағы ұлттық өрнектер. Қаламгер мұраты мен шығармашылығы. Ұлттық прозадағы көркемдік ізденістер. Тақырыптық-жанрлық ерекшеліктер. Жанр мен жауапкершілік. Көркемдік таным арналары.Ізденістер,зерттеулер жүйесі.
Қазақ көркем сөзі – ұлт тарихының терең қойнауларын кеңінен қамтуы. Тарих толқ ындарын, ел- жер тағдырын, адам мен оның еңбегін, өмір-тұрмыс сырларын кең көлемде суреттеуі.
Қазақ қаламгерлері, атап айтқанда, Х. Әдібаев «Отрардың күйреуі» арқылы ілкі кезең, кө не қаланың тағдыр-талайын сөз етуі. Қ. Жұмаділов «Дарабоз» дилогиясы арқылы ұлт тарихындағы қилы кезең көріністерін, халық батыры – Қабанбай мен оның серіктерінің ерлік істерін көркем суреттеуі, кезең көріністері. Уақыт сыры. Ұ.Доспамбети «Қызыл жолбарыс» романындағы Жоңғар хандығы мен Қазақ ордасындағы аласапыран сәттерді, халықтың тағ дырын көрсетуі. Тарих тағылымы.Ұлт мұраттары.Жаңа уақыт талаптары. М.Исламғалиұлыны ң «Тұман ішіндегі көш» романында кеше мен бүгін байланысы, қоғам мен қызметтегі адамдар әрекеті, қилы мінез сырларының ашылуы. Мезгіл сыры. С.Жұбатырұлының «Абыржы» романында Арал тағдыры адам өмірі мен олардың тағдыр-талайымен байланыстырылуы. Ш.М ұртазаның «Ай мен Айша» туындысы - Айша ана арқылы ерен ерлік, ғажайып ізгілік, ар-ождан мәселесін терең қозғауы.
Ж.Сәметұлының «Сергелдең» романында ел арасынан шыққан Есімхан, Зияхан сынды жігіттердің қытай отаршылдарына қарсы күресін, әр алуан әрекеттерін нанымды, көркем баяндауы. Ж.Ахмадидің «Дүрбелең», «Шырғалаң» романында қытай отаршылдығы, оған қ арсы топ – Абылахжан, Бурабай, Сақан сынды бейнелер, сондай-ақ Дәлелхан, Ахметжан, Таң жарық ақын ерекшеліктері терең көрініс беруі. А.Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін» туындысындағы өмір мұраты, адам орны, еңбек сипаты: К.Сегізбайдың «Беласқан» романында кісілік пен ізгілік адамдық істің ардақталауы. М.Қожахметованың «Жан тәсілім» романында солтүстік өңіріндегі ел өмірі, уақыт тынысының терең танылуы.
Қазақ қаламгерлерінің көп томдығының жарық көруі (мысалы, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза,
М.Мағауин,Д.Досжан т.б.)
Қазақ прозасындағы даму бел-белестері. Көркемдік, ізденіс арналары.
Қазақ көркем сөзіндегі тақырып, мазмұн, тіл-стиль сипаттары.
Қазақ прозасындағы көркемдік өрнектер. Шеберлік иірімдері. Уақыт бедері. Адам әлемі. Өмірі мен еңбегі. Игілікті істері мен ізгілікті мұраттары. Өмірге құштарлығы мен сү йіспеншіліктері.Көркемдік құпиясы.
Ұлттық прозадағы көркемдік шындық пен шеберлік сабақтары. Қазақ қаламгерлері шығ армашылығындағы тарих пен таным арналары. Тарихи тұлға мен еңбек адамдарының бейнеленуі. Жаңа уақыт сипаттары. Көркемдік мұрат пен шындық көріністері.Өмір шындығ ы.Уақыт бедері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет