Тапсырмалар 1. Адам анатомиясы оның маңызы мен міндеті.
Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өйткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметіне тығыз байланысты. Адамдардың пайда болуы туралы идеалистер діни былай дейді – адам құдай құдіреті мен жаратылған, ал материалистер – ғылыми деректерге сүйеніп, адам тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуынан пайда болған деп дәлелдейді.
2. Адамның табиғаттағы алатын орны туралы мәліметтер.
Биологиялық түр ретінде адамның өзіне тән қасиеттері 1. Күрделі еңбек жасау 2. Тік жүру 4. Адам аяқтары қолынан ұзын 5. Адам қолының бас бармақ сүйегі басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан 1. Антропология 2. Антропогенез Адамның жануарлар дүниесінің әрбір жүйелік топтарына тән ұқсас белгілері
1. Хордалылар (желілілер) типі
2. Омыртқалылар тип тармағы
3. Сүтқоректілер класы
4. Нағыз аңдар класс тармағы
5. Ұрықжолдастар инфракласы
6. Маймылдар отряды (приматтар)
7. Жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағы
8. Тартанаулы маймылдар инфраотряды
9. Адамтектес маймылдар тұқымдас үсті
10. Адам тұқымдасы
Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсас белгілері Адамның тірі табиғаттағы орны. Homo sapiens-түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны Адамның шығу тегі туралы көзқарастар Адам – эволюцияның ең жоғары сатысы ма, әлде тек қана жоғары дамыған жануар ма?
Адамата туралы аңыз
Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелерінің құрылысындағы бір-біріне ұқсас белгілер Рудиментті мүшелер Атавизмді мүшелер
3. Адам анатомиясы зерттеу әдістері.
Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын – функционалдық әдіс деп атауға болады.
Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады:
А) осып-кесу әдісі-ең кең таралған әдіс
Ә)борсыту әдісі
Б)лықыту әдісі
В)ағарту әдісі
Г)бүлдіру әдісі
Ғ)микроскоптық әдіс
Функционалдық немесе қызметтік әдістерге мыналар жатады:
Д) рентгеноскопиялық әдіс
Е) рентгенографиялық әдіс
Ж) ауторадиографиялық әдіс
З) сынама-тәжірибелік әдіс
Бұлардан басқа антропометриялық, суретке, киноға түсіру, мүшелердің суретін салу әдістері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |