Қолжазба – автордың өз қолымен жазылған түпнұсқасы.
Қолтаңба – автордың өз қолымен жазылып берген мәтіні.
Лирика – көркем әдебиет түрі. Адам көңіл-күйінің сырлы әлемі.
Литота – зат пен құбылыстың қасиетін барынша шағын көрсететін көркемдік құрал.
Мазмұн – шығармадағы өмір шындықтарының бейнелі сипат алып, ой-сөз жүйесінің ә серлі берілуі.
Мәтін– адам көзқарасы мен қолтаңбасы, руханият үлгісі.
Мемуар – автордың өзі немесе өзгелердің өмірі мен өнегесі туралы туындысы Меңзеу – жалпыны-жалқы, көпті-жеке қолдану.
Метонимия – балама ұғымдарды қолдану, қасиетін көрсету.
Миниатюра – көлемі шағын, мазмұны бай, құрылысы күрделі туынды.
Миф – күрделі құбылыстар мен оқиғалар туралы аңыз-әңгімелер.
Модернизм – рухани дағдарыс тұсындағы философиялық-эстетикалық ағымдар атауы.
Монолог - өнер туындыларындағы кейіпкерлердің жан әлемі, толғам-толғаныстарын кө рсететін тәсіл. Адамның өзіне не көпке арнап сөйлеуі болып табылады.
Мотив – сюжеттік желі, тақырыптық сарын, оқиғалар дамуындағы белесті кезең.