Ұстаз-ғылым Ш.Сатпаеваның қос томдық «Уақыт шуағы», «Веяние времени» атты та ңдамалы мақалалар мен зерттеулері (А, «Ғылым», 2000) әр жылдары баспасөз бен ғылыми басылымдарда жарияланған әдебиет тарихы мен теориясының көкейкесті мәселелерінен, ә лемдік, ұлттық сөз өнерінің корефейлерінің еңбек-мұраларына көзқарастан, алаш зиялыларының өмірі мен тарих пен тағдыр туралы толғаныс, толғамдардан тұрады. Әсіресе ғ алымның Абай, Ыбырай әлеміне ену, ұлт әдебиетінің әлем халықтары тілінде сөйлеуі, қазақ зиялыларының шығармшылық ғұмырбаяндары, отбасысының тағдыры мен тағылымына қ атысты көзқарас, қазақ әдебиетін зертеу мен зерделеудің өзекті мәселелеріне байланысты іргелі ізденістер – (Абай мен Ыбырай – «Дүниежүзі әдебиетінде» «Әлем таныған әдебиет», «Ә дебиетіміздегі шетел сипаты», «Казахский фольклор в оценки зарубежной критики», «Изучение восточных связей казахской литературы» т.т. байыпты талдау, жүйелі сөз ету, нақ тылы ұсыныс, талаптарымен мәнді.
Негізінен, қос томдықтың рухани байлығы – ұстаз-ғалым Ш.Сапаеваның білім-ғылымны ң, руханияттың бірден-бір жоқтаушысы екенін аңғарылады. Ал, кітап мазмұны – әдебиет пен мәдениет тарихының алуан мәселелерін, әдеби байланыстар мен оның тарихи негіздерін, болашақ бағыт-бағдарларын кең көлемде қарастырумен мәнді.
Достарыңызбен бөлісу: |