М.Әуезов атындағы Оңтүстік



бет1/3
Дата10.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#162177
  1   2   3
Байланысты:
Бейсебаева А.Ж. 13 апта


М .Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Математика» кафедрасы

ДӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы математикадан білім беру саласындағы реформа бағыттары. Көкейкесті мәселелер. Даму болашағы..


Орындаған: Бейсебаева А.Ж.
Тобы: ДЕП-22-9К
Қабылдаған: Мадияров Н.К.

Шымкент-2022
Президент табысты экономиканың негізі ғылымды қажет ететін технологиялар екенін айтып, осы бағытта ғылымның зияткерлік әлеуетін көтеру, инфрақұрылымды дамыту мен цифрландыру, әлемдік ғылыми кеңістікке ықпалдасу сияқты маңызды мәселелерге көңіл аударған болатын. Алайда қоғамды «Қазақстанда ғылым жоқ» деген пікірлер жиі мазалайды. Оған себеп болатын дәлелдер бар ма?
Президент атап өткендей, ғылым экономикаға қызмет етуі керек. Бұл жерде қызмет ету мен қызмет көрсетудің ара-жігін ашып алған жөн. Экономиканы әртараптандыру арқылы тұрақтылыққа, бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе аламыз. Мемлекетке, қоғамға, экономикаға қызмет ету бүгінгі қолданбалы ғылымның міндеті. Ал Қазақстанда «ғылым жоқ» дегеніміз шартты түрде айтылған пікір. Елімізде аграрлық сала, химия, физика, тарих, экономика, математика және басқа да салаларда жетістікке жеткен ғалымдар баршылық. Сонымен бірге миллиардтаған қаржы әкелген Джон Нештің мәртебесіне ие болған қолданбалы жекелеген ғылыми жетісіктеріміз де бар. Бірақ макроэкономикалық деңгейде экономиканың, қоғамның дамуына айтарлықтай ықпал ететін ғылыми әлеуетіміз өте төмен. Бүгінде ғылымның мәселесі қоғамға жақсы таныс. Мәселе осыларды шешуге тырыспайтынымызда болып тұр. Алайда жағдайы мүшкіл ғылымның мәселелерін тиімді шешуге болатын жолдар жеткілікті.
Ғылыми қауымдастық тарапынан осы жағдайды өзгертуге байланысты ұсыныстар болды ма?
– Қазақстан ғылымындағы жағдайды түзетуге байланысты ұсыныстар болмады деп айта алмаймын. Оған дәлел ретінде Ұлттық ғылыми кеңестер институтының құрылғанын айтып өтуге болады. Бірақ Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысына кедергі болатын бірқатар төтенше жағдай болды. Оның ішінде Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын сынап, мүшелерін тексеріп, оның құрамына ыңғайлы адамдарды енгізу сияқты әрекеттер орын алғаны белгілі. Ешкім Ұлттық ғылыми кеңестердегі жоғары кәсіби, адал, патриоттардың үніне құлақ аспады. Бүгінде нақты айтқанда, Қазақстан ғылымындағы көкейкесті мәселе екі жайтпен байланысты, біріншіден ғылымға бөлінетін қаржының ІЖӨ-нің 0,12 пайызын құрауы және стратегиясы мен қадамдарының жаппай бюрократтануы. Сондықтан да осыларды шешуге назар аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет