Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет66/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

«Нәубет» жинағы «Қалың елі болмаса, ерлер жетім», «Қайран ерлер болмаса, ел-жұрт жетім» секілді екі бөлім аясында ел басына туған алапатты аштық пен жеке басқа табыну кезе ңіндегі жазықсыз жапа шеккендердің тағдыр-талайын сөз етеді. Өмір-уақыт сырларына, тарих пен таным таразысына, ұлт қайраткерлерінің азаттық-теңдік жолындағы әрекет қимылдарын да кеңінен көрсетеді. Жинаққа енген С.Елубаевтың «Нәубет», С.Байжановатың «Жариялауға жатпайды», Ө.Қанахиннің «Өз көзіммен көрдім»,М.Қозыбаевтың «Голощекин», Т.Кәкішевтің «Қағидаға айналған қателер», Ж.Бектұровтың «Қайран абзал ағалар», Қ.Сәрсекеевтің «Елу сегізінші статья» секілді мақалалар қилы кезеңнің, өткен күндердің келеңсіз көріністерін, ащы сабақтарын дерек көздерімен де, көңіл күнделіктері арқылы да, естелік, хат үлгілері негізінде де нанымды, әсерлі жеткізеді.
Айқын аңғарылар жайт: ұлт тарихындағы қаралы жылдар көрінісі, отаршылдық салқ ыны мен әкімшіл-әміршіл жүйенің ұрда-жық саясаты, қарапайым халықтың жазықсыз жапа шегуі, шектен тыс қысым көруі т.т. алуан дерек көздері арқылы нақтылы адамдар өмірінің арқ ау етілуі – «Нәубет» жинағының табиғатын да, көркемдік-рухани әсерін де арттырып тұр.Таби ғаты мен құрылымы мәнді.Көзқарас жүйесі айқын.
«Зауал» отызыншы жылдар ойранын, нақтырақ айтсақ алапат аштық пен жеке басқа табыну кезеңін, жазықсыз құрбандар хақындағы ойлар мен толғаныстар, ескірмейтін естеліктер мен маңызды зерттеулер, байыпты сараулар кең орын алған.Бұл, әсіресе Ш.Мұ ртазаның «Халық үшін жан пида», Т.Қожакеевтің «Қасірет», Б.Қойшыбаевтың «Көзқарас эволюциясы», С.Құдаштың «Қазақ ақыны М.Жұмабаевтың тағдыры туралы» т.т. мақала, зерттеулер табиғатынан, жекелеген тұлғалардың (Т.Рысқұлов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, Б.Қаратаев, Қ.Кемеңгеров т.б.) тағдыр-талайынан терең танылады. Тұтас халықтың басына төнген зұлмат-зобаландары, қайғы-қасірет әкелген қаралы күндердің ащы сабақтары уақыт өтіп, ұрпақтар алмасса да тарих толқынымен қайта таразыланып, жаңаша бағ алануда. Бұл ретте, ең алдымен империялық саясаттың, отаршылдық жүйенің, жеке басқа табынудың өрескел, керағар жақтары жан-жақты ашылып, одан арылудың, тазарудың мол мү мкіндіктері көрсетіліп, нақты іс-шаралар, батыл қадамдар жасалуда. 31—мамыр – саяси құғ ын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленуі де көп жайтты аңғартар еді.Тарих тағ ылымының бірі осы.
Демек, «Зауал» -- отызыншы жылдар ойранын, халық қасіреті мен қуғын-сүргін құ рбандықтарының сырын кең көлемде ашып, тарихтан-тағылым, тағдырға-тағзым етудің үлгі-ө рнектерін алға тартады.
Қазақ зиялылары – З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев т.б. мерейтойлары тұ сында жарық көрген «Академик Зәки Ахметов және руханият мәселелрі» (Алматы: «Үш қ иян», 2003.-640 бет), «Зейнолла Қабдолов – ұстаз, ғалым, жазушы» (Алматы: Қазақ университеті, 2002-292 бет), «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» (Алматы Комплекс, 2002.-431 бет), «Мерей» (2 томдық. – Алматы: Орталық ғылыми кітапханасы, 2002.-1 том: 633 бет: 2 том: 508 бет) сынды кітаптар тақырып табиғаты, құрылым жүйесі, көркемдік-жанрлық сипаты, танымдық-тағылымдық тұрғыдан берері мен дерегі мол елеулі еңбектер болып табылады.
Басты ерекшеліктер: бұл еңбектер жоғарыда аталған қазақ зиялыларының мерейтойларына арналып, ұстаздық-ғалымдық қырларына кең орын берілгенімен ,ұлттық сөз өнерінің даму кезеңдерін, әдебие пен өнердің мақсат-міндеттері, жазушы еңбегі мен шығ армашылық, көркемдік-жанрлық жүйесін, әдеби байланыстар мұратын, фольклор шындығын, білім-ғылым ісінің түйінді тұстарын, әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерін жан-жа қты сөз етеді.
Байқалар және бір жайт: З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішевтің өмірі мен кезеңінен, шығармашылық мұраларынан азаматтық-адамгершілік иірімдерін, игілік пен ізгілік жолындағы жасампаздық істері, білім-ғылым жүйесі мен руханият ісіне қатысты көзқ арастары терең танылады.Ақыл-парасат нұры танылады.
Қазіргі әдебиет пен мәдениет үлгілерін көне кезеңдерден бастап, талдаудың қажеттілігі айтылып, жазылып жүр.
Мұның да негізі жоқ емес.
Бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен дамуы да арнайы зерттеу жүйесіне айналып, кезең-сала бойынша кең көлемде қарастырылу үстінде. Олар,негізінен: - Ежелгі дәуір әдебиеті (5-14 ғ.ғ.)

  • 15-18 ғ.ғ. әдебиеті

  • 19 ғ.әдебиеті

  • 20ғ.б. әдебиеті

  • Кеңес кезеңіндегі әдебиет,болып жүйе құрағанын аңғару қиын емес. Алайда, ұлттық әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі, әдеби мұраны игеру жайы, түпнұсқа тағдыры т.т. ойласу ретінде қайсыбір ізденіс,еңбектерден бой көрсетіп қалады. Бұл бағытта ақпарат құралдарына әр алуан ізденіс- көзқарастар бар (мысалы, Ш.Елеукеновтың «Ревалюцияға дейінгі қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеу хақында ойлар»(«Заман Қазақстан»,19997 шілде), С. Қирабаевтың «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» ( «Егемен Қазақстан», 1999, 16 шілде, С.Қасқабасовтың «Түпнұсқамыз түгел ме?» («Егемен Қ азақстан» , 1998, 8қыркүйек), «Нарық және мәдениет» ( «Егемен Қазақстан «,2001, 15 тамыз), Р.Тұрысбектің «Кімді үлгі, нені нұсқа етеміз?» («Өркен» 1991,26 қазан), «Әдебиет пен ар сынасыз ұғым» («Егемен Қазақстан», 2001, 26 желтоқсан), Б.Әбдіғазиұлының «Туған әдебиет және жаңа көзқарас» («Егемен Қазақстан», 2002, 4 қаңтар) т.т.

Қазақ әдебиетінің жаңа тарихы қандай болу керек? Нендей мәселелерге маңыз беріп, назар аударған жөн? дегенде Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 30-40 жыл ішіндегі айтыс, пікірталастар да жіті көзбен қарауды қажетсінеді. Бұл ретте «Әдебиет пен өнер мәселелері бойынша 30-40 жылдар кезеңі мен 50-жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жө ніндегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қорытындысы» - сол бір сұрапыл әрі сергелдеңі мол өткенімізді терең зерттеп, таным таразысына салуды міндеттейтін қажетті құ жат. Осы құжатта Кеңестік жүйе тұсындағы партиялық саясаттың салқыны тиген негізсіз кінә, қаралаулардың сыры терең ашылады. Мәселен, ақын С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы»...феодалдық-рулық ескішілдікті дәріптеген», сыншы Ғ.Тоғжановты тарих пен өнер теориясын «плехановша түсінді», ауыз әдебиеміздің ірі өкілі: Бұқар мен Базар жырау, Дулар пен Мұрат, Шортанбай, т.б. шығармалары «феодалдық-реакциялық, буржуазиялық-ұ лтшылдық және діншіл шығармалар деп танылады». Сондай-ақ, әдебиетіміздің көрнекті тұлғ аларының «жекелеген шығармалары идеялық жағынан зиянды, ұлтшыл және саяси тұрғыдан қ ате» деп айыпталса, олардың еңбектері «ғылыми қолданыс пен оқулықтардан алып тасталды». Мұндай кінә, кінарат тағылған – жолсыз жазаның құрбандары ендігі жерде қ алпына келтірілуі керек. Шындық шырайы сонда кіріп, салтанат туы да сол мезеттерде биіктерден желбірейтін болады. Бұл – бүгінгі уақыттың талабы.
Әдебиеттану ғылымының қыр-сыры мен келелі келешегіне қатысты кейбір көзқ арастарды да еске алу артық емес. Мәселен, академик М.Қаратаевтың «Туған әдебиетіміздің толымды тарихын жасайық» («Қазақ әдебиеті», 1988,2 қыркүйек), әдебиет зерттеушісі Т.Кә кішевтің пікірталас ретінде жазылған «Қағидаға айналған қателер түзелсе» («Жұлдыз», 1988, 11,140-166 беттер) және Ш.Елеукеновтың «Жаңа жолдан» кітабындағы «Бетбұрысты бетке алып...» т.б. мақала, зерттеулерін осы бағыттағы жанашыр ой, қамқор көңілден туған ізденістер ретінде қабылдаған орынды. Сондай-ақ, Д.Әшімхановтың «Даму мен дағдарыс» атты кеңес дәуіріндегі әдебиетіміздің «ұзақ жолына қысқа шолу» жасап, ондағы сілкіністер мен іркілістер хақында ой-пікірлерін («Қазақ әдебиеті», 27 шілде, 1990), ақын-әдебиетші Ш.Сариевтің «Қазақ әдебиеті тарихын қайта қарау керек пе?» сынды мақаласын («Алматы ақ шамы», 15 мамыр,1991), ғылым докторлары Ж.Дәдебаевің «Көкжиекті түріп тастағың келеді» (ЕҚ, 2001, 3 қазан), Б.Кәрібаеваның «Қалам құдіретін тұщынғым келеді» (ЕК,2001,12 қыркү йек), Б.Ыбырайымның «Ұлттық рух және әдебиет (ЕҚ, 2001, 13 қыркүйек),Б.Әбілдаұлының « Қазақ әдебиетінің 2.700 жылдық антологиясы-Түркияда жарияланды» / ҚӘ,2006, 14 шілде/,Ә. Қайырбековтың «Шәкәрім қажының Сәбеңе хаты»/ЕҚ,2006,22 наурыз/,Қ.Жүсіптің «Мәшһүр Жүсіп
мұраларын жүйелеу бір ізге түсті»/ «Нұр-Астана»,2009,27 шілде/,Б.Ыбырайымның «Шын ә дебиет танымды да,талғамды да өсіреді»/ «Астана ақшамы»,2009,18 шілде/,Қ.Ергөбектің «Қ имас қазына қайда екен?»/ «Ана тілі»,2009,1-7 қазан/,Т.Кәкішевтің «Сәкен һәм «Еңбекші қазақ »/ЕҚ,2009,6,10 қараша/,С.Кенжеахметұлының «Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік құ рылымы»/ «Ана тілі,2009,12-18 қараша/Қ.Мырза Әлінің «Менің де кітапханам Әуезовтің кітапханасы сияқты сол күйінде сақталса деп алаңдаймын»/ «Айқын»,2009,11 желтоқ сан/,Т.Дайрабаевтың «Ұлбике ақын өмірінен бірер сыр»/ «Түркістан»,2010,7 қаң тар/,Г.Бектасованың «Қазақ киносы:жеңістер мен жеңілістер»/ «Түркістан»,2010, 7 қаң тар/,Т.Есембековтың «Аударма ісінің ахуалы қалай?»/ «Ана тілі»,2010,7-13 қаңтар/,Ә.Нү рпейісовтің «Мені тұлғалар өсірді»/ ЕҚ,2010, 19 қаңтар/,К.Есмағамбетовтың «Яш Түркістан» -тәуелсіздік жаршысы» / «Ана тілі»,2010, 14-20 қаңтар/ т.т. атты көзқарас-саралаулары, осы ба ғыттағы оң қадам деп білеміз.
Сөз жүйесі төл әдебиетті зерттеудің актуальді мәселелері болып отырғандықтан, М.О.Ә уезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен өткен «20-30 жылдардағ ы қазақ әдебиетін зерттеудің жаңа міндеттері» атты ғылыми-методолгиялық конференцияның (14 мамыр, 1991) маңызын да айтқан жөн. Аталмыш ғылыми жиынның қысқаша есебі «Қазақ әдебиеті» газетінде (21маусым, 1991 жыл) жарияланғандықтан біз ендігі жерде ұзын арқан, ке ң тұсауға салмай, негізгі ойларымызды білдірумен шектелеміз. Біріншіден, ғылыми жиынның кеш те болса өтіп, сөз өнерінің бүгінгі ахуалын бүкпесіз баяндаулары көңіл қуантты. Екіншіден, аталмыш, кезеңдегі әдебиетімізді зертеудің міндеттері (М.Базарбаев), стильдік ізденістері (Т.Кәкішев), әдеби айтыстары «Б.Дәрімбетов», проза /Ә.Нағыметов/ мен поэзияның (Б.Ыбырайымов) тақырыптық-көркемдік жайлары жеке-жеке сөз етілуі де сол уақыттың шындығына бүнінгі күннің көзімен қарап, кеңінен қарастыру секілді мақсаттардан туғаны аны қ. Үшіншіден, әрі ең негізгісі – ғылыми жиында бүгінгі уақыттың талабы негізгі нысана етіліп, сөйлеушілер де «дайын сүрлеуден» соны, жаңа жолмен жүру керектігін ашық айтып, әң гімеледі. Ғылыми жиынның тағылымы – шындықпен бетпе-бет келіп, ақиқатты айту, кемшілікті көрсету болатын. Біздіңше, бұл міндет аталмыш ғылыми жиында толығымен орындалды деуге әбден болады.Бұл бағыт кең арна алып,дамығаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет