Дауыс
ырғағы
Жаңа сабақ:
Наурызбек жыраудың қайырым – иірімдері. <<Биссіміллә деп қолыма>> Наурызбектің термесі. Жыраудың өмірбаяны, еңбектеріне тоқталу. Бірнеше терме, толғауларына тоқталып, қайырым – иірімдерін оқушыға орындап көрсету.
Жоғары – төмен қағыстарын ала отырып, сол қолмен перне басу әдістерін, дауыс ырғақтарымен байланыстыру. << Талап пен тәртіп>> туралы қағидалар терме, толғау, жыр орындалғанда термеші өз ережелерін жақсы білу керектігін түсіндіремін.
1. Өлеңнің әрбір қатары, әрбір сөзі жұмбақ, тіпті бір әрпін өзгертіп айтуға болмайды.
2. Домбыраны даңғырлатпай қажетті жерінде ғана саздымайда үнмен тартып, әрбір сөзді, буынды ашық әуенмен нақышына келтіре отырып, қолға ұстатқандай, анық та түсінікті айту қажет.
3. Осыған орай, әрбір дыбыс ырғағын сөздердің, буындардың ұйқасын бұзбай, бұрмаламай, сөз буынымен жымдасып, бір – біріне сай келетіндей етіп айту керек, өйткені жыр сүйер қауым сөз бен сазды бірдей және айқын тыңдағанда ғана жан рахатына бөленеді.
4. Дауысың мен деміңнің мүмкіндігіне, өлең ұйқасының ырғағына қарай әніңе түрлендіріп, құбылтып, шымырлататындай, тыңдаушының жүрегі бірде елтіп, бірде асаудай бұлқынатындай, кейде езу тарғызып, кейде еріксіз егілетіндей қылып айт. Қозғалыс қимыл мен домбыра ойнау шеберлігін көрсете отырып, тыңдаушының көңілінен шыға білу. Ең бірінші орындап отырған терме толғауға түсініктеме беріп, көрерменді қаратып, ой санасына жіктеп терме толғауға осылардың барлығын жеткізе білу.
5. Жалпы терме толғаулар, жыр – дастандарда домбыра сүйемелдеуімен орындалса, ең бастысы сарын, әдемі өрнекпен қайырым – иірімдерді құлаққа жағымды етіп жеткізу орындаушыға байланысты. Терме толғаулардың өн бойындағы байлылығы қайырым – иіріммен сабақтасып жатады, қайырым – иірім орындалатын шығарманың басында, ортасында немесе аяғында келіп отыра береді. Қайырым – иірімсіз ән – терме, жыр – толғау болмайды. Осыны орындап жеткізу орындаушының бойына бітетін үлкен киелі қасиет. Біздің алып отырған термеміз Наурызбектің <<Биссіміллә деп қолыма>> толғауы. Термеде айтылатын бұрынғы нақыл сөздер Ер азаматтың, қадір қасиеті адам
баласының дүниеге келгесін адамгершілікті, инабаттылықты, әдептілікті, көрегендік пен имандықты бойына сіңіріп өсуі. Жалпы қазақ баласына тән асыл қасиеттерді суреттеп жеткізген. Басқа терме толғаудағы сияқты бұл терменің орындалу барысы бір жүйеге қойылған. Бір төмен бір жоғары қағыстармен алмасып сілкіп алу әдістері қолданылып отырады. Қайрым – иірімдерінде қағыс алмасып жоғары төмен дауыс ырғақтарымен сабақтасып әдемі бояуларымен өрнектеледі.
Наурызбек жыршы
Шалқар Туған
жылы 1932 жыл
Жақсылардың мұрасы.
Бүгінгі сабағымызда біз Наурызбектің қайырым – иірімдерін жұмыс жасай отырып <<Биссіміллә деп қолыма>> термесін жаттап домбырамен қосылып айту және дамыту.