Сонымен, түйінді тұста айтарымыз: қазақ әдебиеттану ғылымы көне кезеңдерден бү гінге дейін туу, қалыптасу даму жолдарынан өтіп, биік белестерге бет бұрды. Әсіресе, соңғы он жыл бедерінде Азат елдің ақыл-парасат дүниесіне, көркем ойына сай сараланып, кең кө лемде қарастырыла бастады.
Бұл бір.
Екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымы ұлттық сөз өнерінің көне кезеңдерінен бастап руханияттың түйінді мәселелеріне хал-қадерінше жауап іздеп, байыпты барлауға бет бұрды.
Үшіншіден, жекелеген қаламгерлердің өмірі мен қызметін, шығармашылық мұрасын ғ ана емес, орта-айналасына, әсер-ықпал жағдаяттарына да терең еніп, байыпты зерделеу, саралауға ден қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |