Дәріс № 8
Тақырыбы: Тынысалу. О2 энзиматикалық сіңіру процессі ретінде. Митохондриялар, ультраструктура, биогенез. Тынысалудың субстраттары және тынысалу коэффициенті. Моносахаридтердің фосфорлануы. Гликолиз.
Жоспар:
Тыныс алу туралы жалпы түсінік.
Тыныс алу туралы ілімнің қысқышы даму тарихы
Тыныс алу жер бетіндегі барлық организмдерге, кез келген органға, жеке ұлпаларға және клеткаларға тән өте күрделі процесс. Организмнің тыныс алуы тоқтаса тіршілігі де тоқтайды.
Өсімдіктердің тыныс алуында фотосинтез нәтижесінде пайда болған өнімдер оттегінің әсерінен тотығып ыдырап, қарапайымдау аралық заттарға және ең соңында анорганикалық өнімдерге (С02 және Н2О) айналады. Органикалық күрделі косындылардың біртіндеп ыдырауына баиланысты бөлінген энергия клетканың бөлінуіне, өсу, даму және көбею, судың және қоректік заттардың сіңіп, таралу, осыларға байланысты алуан-түрлі синтездік процестерге жұмсалады. Сонымсн қатар сатылылықпен пайда болатын аралық косындылар өсімдік организміндегі көптеген зат алмасу процестерінің бастамасы бола алады.Жалпы айтқанда тыныс алу, біріншіден организм тіршілігі үшін кажет энергияның ішкі көзі, екіншіден негізі зат алмасу процестерін өзара байланыстырушы орталық болып есептеледі.
Өсімдіктің тыныс алуына, негізінен, көмірсулар пайдаланады. Бірақ өсімдіктің түрлеріне, өсіп-даму кезеңдеріне, сыртқы ортаның жағдайларына байланысты басқа да органикалык косындылар (май, белок) пайдаланылуы мүмкін.
Тыныс алудағы химиялық өзгерістердің жалпы теңдеуін төмендегіше бейнелеуі болады:
С6Н1206 + 602 = 6С02 + 6Н20 + 2867 кДж
Яғни, глюкозаның бір молі (180 г) тотыққанда отгегінің 6 молі сіңіп, көміркышқыл газының 6 молі, судың 6 молекуласы және 2867 кДж энергия бөлінеді. Бұл тендеуден тыныс алу фотосинтезге қарама-қарсы процесс екендігін байқауға болады.
Термодинамикалық зандылықтарға сәйкес кез келген экзотермиялық (энергия бөлінетін) процесте жылылықтың жалпы мөлшері өзгермейді. Сондықтан көмірсулардың жәнс басқа да органикалық қосындылардың физиологиялық тотығуының энергетикалық нәтижелілігі, осы заттарды калориметрлік бомбада жандырғанда бөлінетін энергияға тең болады.
Биологиялық тотығудағы энергия тиімділіп, нәтижесінде органикалық қышқылдар және басқа да қосындылар пайда болатын, аралық реакцияларға да тәуелді емес. Егер тыныс алуға майлар пайдаланылса, онда бөлінетін энергия едәуір көбірек болады. Мысалы, көмірсулар мен белоктардың 1 грамын жаққанда, орташа есеппен 17 кДж, ал майдың 1 грамын жаққанда 39 кДж энергия бөлінетіндігі анықталды. Майлардың калориялылығының жоғарылау болатын-дығы, олардың молекуласында, глюкозаға қарағанда, сутек атомдарының салыстырмалы көптігі және оттегінің аздығына байланысты.
Өсімдік клеткасының тыныс алуына алуан түрлі органикалық косындылар пайдаланылады. Олардың тотығу-тотықсыздану арқы-лы өзгеруі өте күрделі катализдік жүйелердің — сутегі мен оттегін ырықтандыратын ферменттердің, аралық тасымалдаушылық қызмет атқаратын және қосымша ферменттердің қатысуымен жүзеге асады.
Тьныс алу процесіне қатысатын алуан түрлі ферменттік жүйелер өсімдік организмін ұдайы өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайларына бейімдеушілік мүмкіндігін камтамасыз етеді. Катализдік жүйелердің көмегімен тыныс алуға пайдаланылатын органикалық заттар молекуласындағы бос энергия қоры кез келген процеске оңай жұмсалатын күйге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |