«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»



бет37/76
Дата06.07.2018
өлшемі10,8 Mb.
#47813
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76

10 Зертханалық сабақ


Тақырыбы: Сілтеме түрлерімен және олардың мүмкіндіктерін қолдана білуге үйрену
Activstudio программасын іске қосыңыз. Activstudio программасында флипчарт беттерін ашу үшін «Флипчарт құралдар тақтасынан» және «келесі бетке өту» батырмаларын пайдаланылады. Сонымен қатар осы батырмаларды пайдаланбай-ақ сілтеменің көмегімен де керекті бетке өтуге, құжатты ашуға, шақыруға болады. Яғни, қандай да бір нысанға сілтеме ұйымдастыруға болады.

Сілтеменің көмегімен келесі бетке өту

Орындалатын әрекеттер:

1. «Флипчарт құралдар тақтасы» «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу арқылы кітапхана қорынан қажетті суретті таңдаңыз. Айталық, «Знаки» бөлімінен белгісін таңдап, флипчарт бетіне қойыңыз (әдетте бұндай белгіні флипчарт бетінің төменгі жақ шетіне қойған ыңғайлы болады).



2. Осы белгіге екі рет шерту арқылы «Нысанды іздеу» (Редактировать обьект) терезесінен терезесінен «Сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «Сипаттамалар мен әрекеттер» (свойства и действия) сұқпат терезесінен «Әрекеттер» (действия) бөлімінен көрініп тұрған «түк істемеу» (ничего не делать) төгілмелі тізімінен «Келесі бет» (следуищая) командасын таңдап, «ок» батырмасын басыңыз.

3. Меңзерді сілтеме суретінің үстіне қарай апарсаңыз, суреттің үстінде стрелка бейнесі пайда болады, яғни бұл жерде сілтеме бар дегенді білдіреді. Енді сілтеме суретіне шертсеңіз, флипчарттың келесі бетінің ашылғанын байқайсыз.

Сілтеме арқылы керекті бетке өту.

Айталық, сіздің флипчарттыңыз төрт беттен тұрады делік. Флипчарттың бірінші бетінен үшінші бетіне бірден өту керек болған жағдайда орындалатын әрекеттер:

1. Сілтеме жасауға ыңғайлы суретті таңдап, флипчарт бетіне орналастырып, оған екі рет шерту арқылы «Нысанды іздеу» (Редактировать обьект) терезесінен» терезесінен «Сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз.

2. Ашылған «Сипаттамалар мен әрекеттер» (свойства и действия)сұқпат терезесінен «Әрекеттер» (действия) бөлімінен көрініп тұрған «түк істемеу» (ничего не делать) төгілмелі тізімінен «Басқа бет» (другая страница)- «Баптау» (Устанавить) командаларын және ашылған тізімнен керекті бетті таңдап, «ок» батырмасын басыңыз.



Сілтемені ауыстыру.

Егер сіз алғашқы сілтеме жасаған суреті арқылы келесі бетке емес басқа бетке (айталық, төртінші) бетке өткіңіз келсе, онда осы сілтемені өзгертуіңізге болады.



Орындалатын әрекеттер.

1. Флипчарттың сілтеме суреті бар бірінші бетіне тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама мәзірден «Әрекеттерді активтендіру-Құрастыру күйі» бөліміне шерту арқылы оның тұсында тұрған белгіні алып тастасаңыз, онда флипчарттың тақырып жолындағы стрелканың үстіне

қызыл сызықпен сызылғанын байқайсыз. Бұл сілтемеге жол бермейді, яғни әрекетті тоқтатады. (Бұл әрекетті жанама мәзірді ашпай-ақ бірден тақырып жолындағы стрелкаға шерту арқылы да орындауға болады. )

2. Сілтеме суретіне екі рет шерту арқылы «Нысанды іздеу» (Редактировать обьект) терезесінен» терезесінен «Сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «Сипаттамалар мен әрекеттер» (свойства и действия)сұқпат терезесінен «Әрекеттер» (действия) бөлімінен бұрын таңдалған «Келесі бет» төгілмелі тізімінен «Басқа бет» (другая страница)- «Баптау» (Устанавить) командаларын және ашылған тізімнен төртінші бетті таңдап, «ок» батырмасын басыңыз.

3. Тақырып жолындағы стрелка белгісіне шерту арқылы қызыл сызықты алып тастаңыз.

4. Сілтеме суретіне шерту арқылы төртінші бетке өтуге көз жеткізіңіз.



Сілтеме арқылы басқа беттен бірінші бетке өту

Орындалатын әрекеттер:

1. Жұмысыңызды әрі қарай жалғастырыңыз, төртінші бетке «Флипчарт құралдар тақтасы» «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу арқылы кітапхана қорынан қажетті суретті таңдап, орналастырыңыз. Сілтемені флипчарттың мазмұнына қарай таңдалған суретке де жасауға болады.

2. Суретке екі рет шерту арқылы «Нысанды іздеу» (Редактировать обьект) терезесінен» терезесінен «Сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «Сипаттамалар мен әрекеттер» (свойства и действия)сұқпат терезесінен «Әрекеттер» (действия) бөлімінен «Түк істемеу» төгілмелі тізімінен «Бірінші бет» (первая страница) командасын таңдап, «ок» батырмасын басыңыз. Сілтеменің дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Сілтеме арқылы басқа файлды шақыру

Жұмыс үстеліне «Ақ көгершін» өлеңі жазылған MS. Word құжатын сақтаңыз.



Орындалатын әрекеттер:

  1. Флипчарт тақырыбын «Өшпес ерлік» деп алып, осы тақырыпқа байланысты мазмұны «Ұлы жеңістің 65 жылдығына» арналған флипчарт беттерін ұйымдастырыңыз.

  2. Флипчарттың бетіне «Флипчарт құралдар тақтасы» «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу арқылы кітапхана қорынан «Животные» -«Птицы» бөлімдерін таңдау арқылы көгершін суретін орналастырыңыз.



  1. Көгершін суретіне екі рет шертіп, «Нысанды іздеу» (Редактировать обьект) терезесінен» терезесінен «Сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз.

  2. Ашылған «Сипаттамалар мен әрекеттер» (свойства и действия)сұқпат терезесінен «Әрекеттер» (действия) бөлімінен «Түк істемеу» төгілмелі тізімінен «Құжатты немесе файлды ашу» командаларын таңдап, «Баптау» (установить) батырмасын басу арқылы ашылған «Сілтеме нысанын редакциялау» терезесінен «Шолу» (обзор) батырмасына басыңыз.

  3. «Құжатты немесе файлды қарау» сұқпат терезесінен «Жұмыс үстелін» таңдап, «Ақ көгершін» MS. Word құжатын таңдап ашыңыз.

6. «Сілтеме нысанын редакциялау» терезесінен «ок» батырмасына, сол сияқты «Сипаттар мен әрекеттер» терезесінен де «ок» батырмасына басыңыз.

7. Көгершін суретіне шерту арқылы сілтеменің дұрыстығына көз жеткізіңіз.



Тапсырма

Көрсетілген сілтеме жасау жолдары бойынша сілтемелер жасап көріңіз.



11 Зертханалық сабақ


Тақырыбы: Флипчарт жазу аспабын қолдану (Камера)

Орындалатын әрекеттер:

Activstudio программасын қосып, жаңа флипчартқа жұмысымыздың тақырыпын «ХХІ ғасыр-ғарыш заманы» деп алайық. «Флипчарт жазу құралын» пайдалана отырып, жер шарын айналып ұшқан ғарыш кемесін бейнесін келтірейік.



  1. «Флипчарт құралдар тақтасы» «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу арқылы кітапхана қоры «Флаги» бөлімінен «Жер шары» суретін флипчарт бетіне орналастырып, екі рет шерту арқылы ашылған «Нысанды іздеу» терезесіннен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз.




  1. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен, Көрініс Тегістік - Жоғары командасын таңдаңыз.

  2. Кітапхана қоры «Космос» бөлімінен «Ғарышкемесі» суретін флипчарт бетіне орналастырып, екі рет шерту арқылы ашылған «Нысанды іздеу» терезесіннен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз.



  1. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен, Көрініс-Тегістік - Төмен командасын таңдаңыз.


5. Суреттерді жоғарыда көрсетілгендей бірінің үстіне-бірін орналастырыңыз.



  1. «Негізгі саймандар панеліндегі» флипчарт жазу құралына шертіп ашылған мәзір төменде көрсетілгендей бөлімдерден тұрады:

  • Флипчарт жазу аспабы;

  • Толық экран жазу аспабы;

  • Экран аймағын жазу аспабы.

  1. Сіздің жұмысыңызға ыңғайлысы «Флипчарт жазу аспабы» бөлімін таңдаңыз. «Флипчарт жазу аспабы» терезесі пайда болады, бірінші қызыл нүктеге басыңыз, Activstudio хабарламасы пайда болады.





  1. Ағымдағы флипчарт «жаңғырту флипчарты» болып қалады. Сол себепті оны стандартты флипчарт етіп сақтай алмайсыз . Яғни , жазудан бұрын флипчартты сақтау керек.

  2. Флипчартты сақтағаннан кейін, бірінші қызыл нүкте батырмасына басып, меңзер арқылы тышқанмен «Ғарыш кемесі» суретін сәл жылжытыңыз да, екінші ақ төртұрыш батырмасына басыңыз . Бұл жерде сіз ғарыш кемесінің қозғалысын жазып және оны тоқтата тұрып, осылайша бірінші қызыл нүкте батырмасын басып және ғарыш кемесін біртіндеп жылжығанын жазып, екінші ақ төртұрыш батырмасы арқылы тоқтатып, осы әрекеттерді қайталау арқылы ғарыш кемесінің жүру жолын жазып аласыз .

  3. Ғарыш кемесін бұру қажет болғанда екінші ақ төртұрыш батырмасымен тоқтата тұрып, суретке шертіп -бұру белгісімен бұра отырып, осы әрекетті бірінші қызыл нүкте батырмасымен жазып алыңыз.



  1. 9, 10-бөлімдерде орындалған әрекеттерді ғарыш кемесі орынына қайтып оралғанша қайталаңыз.




  1. Флипчарттағы өзгерістерді сақтап, жабыңыз.




  1. Осы сақталған флипчартты қайта ашқанда «Флипчарт жазу аспабы» терезесі пайда болып, үшінші ақ үшбұрыш батырмасын басу арқылы түсірілген қозғалысты көрсетуге болады.




  1. «Флипчартты жазу аспабы» жазу аспабында тағы да басқа төменде көрсетілгендей батырмалар бар:




  • жазып алынған қозғалысты бастапқы қалпына келтіру;

  • жазып алынған қозғалысты бір қадам кейін қайтару;

  • жазып алынған қозғалысты бір қадам алға апару;

  • жазып алынған қозғалысты бірден соңына апару;

  • батырмасындағы санды өзгертіп қозғалыстың жылдамдығын реттеуге болады.

6-бөлімде айтылып кеткен «Флипчарт жазу құралының» қалған екі бөлігіне тоқталайық:

  • Толық экран жазу аспабы бөлімі таңдалса, «Жазу аспабы» іске қосылғанда экран толығымен түсіріледі: .



  • Экран аймағын жазу аспабы бөлімі таңдалған уақытта «Жазу үшін тікбұрыш аймағын таңдаңыз» сұхбат терезесі ашылып жазып алынатын аймақ таңдалғаннан кейін,

«Жазу аспабы» іске қосылады. Флипчарттағы өзгерістерді сақтаңыз.



Тапсырма:

    1. Футбол ойынындағы допты қозғалысқа келтіріңіз.

    2. Гүлде тұрған көбелекті ұшу қозғалысын жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет