Тақырыбы: ОЙЫН САБАҚТАР
Оқытудың ең бір ерекше түрі – ойын сабақтар. Мұндай ойын сабақтар біріншіден, оқушыны сергіту болса, екіншіден, оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады, үшіншіден, өтілген материалдарды тұрақты қайталау тұрақты түрде жүзеге асырылады. Балалар жалықпас үшін ойындарды жеке оқушылармен, топтармен немесе бүкіл сынып оқушыларымен жұһүргізуге болады. Сондай-ақ ойындар оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, жолдастыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
«Тапқыр информатиктер» сайыс сабағына дайындалған
флипчарттың үлгі-жоспары
Төменде ұсынылып отырған «Тапқыр информатиктер» сайысының мақсаты ойын арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, топта жұмыс істеуге, өз ойын ашыұ айтуға және мәдени түрде жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, информатика пәніне қызығушылығын, зердесін дамыту.
Сайыс алты кезеңнен тұрады. Флипчарт құру үшін алдымен оның ойын аты жазылған титулдық бетін дайындаймыз (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |