«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»



бет36/76
Дата06.07.2018
өлшемі10,8 Mb.
#47813
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76

9 Зертханалық сабақ


Тақырыбы: Оқу үрдісіне қажетті құралдар жасау. «Фотоаппарат»

құралы

Орындалатын әрекеттер:

Фотоаппарат құралы «Негізгі саймандар панелінде» орналасқан. Егер онда жоқ болса, Бас мәзірден Бас мәзір- Аспаптар панелін реттеу- Аспаптар қоймасы командаларын таңдай отырып, ашылған «Аспаптар қоймасы» терезесі- «Стандартты аспаптар» бөлімінен фотоаппарат құралын меңзер арқылы тышқанмен жібермей тарту арқылы «Негізгі саймандар панеліне» әкеліп қоюға болады. Әрі қарай «Негізгі саймандар панелінде» пайда болған фотоаппарат құралын пайдалана беруге болады.



Фотоаппарат құралымен қалтасында баласы бар кенгуру суретін жасайық.

  1. «Флипчарт құралдар тақтасынан» «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу арқылы кітапхана қоры «Жануарлар» бөлімінен кенгурудің суретін



таңдап оны сүйреп тарту арқылы флипчарт бетіне орналастырыңыз.

2. Кенгуру суретіне екі рет шерту арқылы «Нысанды іздеу» терезесінен «Дубликат» батырмасын немесе суретке тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама мәзір- Редакциялау-Алмасу буферіне көшіру- Сурет командаларын таңдау арқылы суреттің көшірмесін алыңыз.

3. Осы суретке бір рет шертіп, оны белгілеңіз де бұрышындағы тіктөртбұрышты тышқанның көмегімен жылжытып суреттің өлшемін кішірейтіңіз.

4. «Негізгі саймандар панеліндегі» фотоаппарат құралына шертіп ашылған мәзір 5 бөлімнен тұрады:


    1. аймақ бөлімін таңдасаңыз, флипчарт бетіне пайда болған тіктөртбұрыш қоршауды суретке түсіретін аймаққа дәлдестіргеннен кейін экранның сол жақ жоғары жағына «Фотограф» терезесі пайда болады.

«Фотограф» терезесі:

- «ағымдағы флипчарт бетіне» фотаппараты таңдалған болса, түсірілген сурет ағымдағы флипчарт бетіне пайда болады;

- «жаңа флипчарт бетіне» фотаппараты таңдалса, түсірілген сурет жаңа флипчарт бетіне пайда болады;

- «менің қорлар кітапханама» фотаппараты таңдалса, түсірілген сурет менің қорлар кітапханама сақталады;

- «ортақ қорлар кітапханама» фотаппараты таңдалса, түсірілген сурет ортақ қорлар кітапханасына сақталады;

- «алмасу буферіне» фотаппараты таңдалса, түсірілген сурет алмасу буферіне сақталып, жанама мәзір арқылы Салу-Алмасу буферінен – Сурет командылары арқылы қалаған жерге (басқа программаларға да) қолдануға болады.



    1. Фотоаппарат мәзірінен келесі бөлім «сынық сызық» таңдалғаннан кейін түсірілетін суретті бір шетінен бастап, тышқанның көмегімен меңзер арқылы сынық сызықпен қоршап, басталған жеріне жеткен бойда суретке түсіріледі. Әрі қарай пайда болған «Фотограф» терезесінен керекті фотоаппаратты таңдайсыз.

    2. «Еркімен» бөлімі арқылы меңзермен керекті суреттің бөлігіне меңзермен белгілеп, пайда болған «Фотограф» терезесінен керекті фотоаппаратты таңдайсыз.

    3. «Терезе» бөлімін таңдап сол бетті түгел суретке түсіруге болады. Жанама мәзірдің :

- «ағымдағы флипчарт бетіне»;

- «жаңа флипчарт бетіне»;

- «менің қорлар кітапханама»;

- «ортақ қорлар кітапханама»;

- «болдырмау» бөлімдерінің керегі таңдалады.

5) «Толық экран» бөлімі таңдасаңыз, мәзір арқылы керекті бөлімге толық экран суретін сақтайсыз.



5. Біздің жұмысымызға ыңғайлы «еркімен» бөлімін (3-бөлім)таңдай отырып, кенгурудың қалта тұсын суретке түсіріңіз.

(қалта суреті)

6. Үлкен кенгуруге екі рет шерту арқылы ашылған «Нысанды іздеу» терезесінен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен, Көрініс-Тегістік - Төмен командасын таңдаңыз.

7. Кіші кенгуруге екі рет шерту арқылы ашылған «Нысанды іздеу» терезесінен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен, Көрініс-Тегістік - Орта командасын таңдаңыз.

8. Қалта суретіне екі рет шерту арқылы ашылған «Нысанды іздеу» терезесінен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен, Көрініс-Тегістік - Жоғары командасын таңдаңыз.

9. Енді кішкентай кенгуруды үлкен кенгурудың қалта тұсына қойып, оның бетіне басы көрініп тұратындай етіп, қалта суретін орналастырыңыз да, суретті тұтас алатындай етіп бір шетінен бастап тышқан арқылы меңзермен суретті ерекшелеңіз.



10. Ерекшеленген суреттің ішкі аумағына екі рет шерту арқылы «нысанды іздеу» терезесінен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен

Теңестірілген - Топталған бөлігі тұсына белгі қойыңыз. Біріктірілген суретті меңзермен флипчарт бетіне әрлі-берлі жылжытсаңыз, суреттер тұтас бір сурет болып жылжыйды.



Тапсырмалар:

  1. Фотоаппарат құралымен толық айды жарты айға айналдыр.

  2. Фотоаппарат құралымен ашық тұрған сөмкеден жартылай көрініп тұрған кітап суретін жаса.

  3. Фотоаппарат құралымен таңертенгі шығып келе жатқан күн суретін бейнеле.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет