«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»



бет4/76
Дата25.05.2018
өлшемі14,22 Mb.
#40724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

2 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Activstudio Professional Edition программасы және оның құрылымдарына түсінік
Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.

Activstudio – ны іске қосу

Жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына Activpen қаламымен екі рет шерту қажет.



Жұмыс үстелінің құрылымы

  1. Флипчарттың тақырып қатары

  2. Флипчарттың жұмыс аймағы

  3. Негізгі құралдар тақтасы

  4. Тақырып қатарындағы батырмалар

  5. Флипчарт беттерінің түстік аймағы

  6. Флипчарт құралы

  7. Қоржын


Флипчарт

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Флипчарттың кескіні

ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.


Флипчарттың тақырып жолындағы батырмалар
нақты элементтің немесе сұхбат терезесіндегі анықтаманың көрсеткіші.


флипчарт беттерінің жұмыс бетін немесе флипчарт бетінің кескінін өзгерту әдістері. Экранда беттің орналасу әдісін немесе оның көлемін таңдауға болады.

флипчарттың келесі бетіне ескертулер қосуға болады.
флипчартты экранда реттеу. Мұнда барлық ACTIVstudio терезелері кітапхана ресурстары немесе кітапхана сілтемелері ескеріледі.


флипчарт терезесін бүктеу. Флипчартты бүктегенде ол Windows-тың тапсырмалар тақтасында көрінеді. Бұл мәтінді және кескінді Office –тан флипчартқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

флипчарт терезесін бастапқы қалыпқа келтіру.

флипчарттың терезесін экранның бетімен бірдей түрге келтіру.

флипчарт терезесін жабу.
Жаңа флипчарт құру
Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орындау.

Флипчартты жабу

Флипчартты жабу үшін тақырыптың оң жақ шетіндегі «Жабу» батырмасын басу керек. Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс шығады.


Сақталған флипчартты ашу

Меню - Флипчарт - ...ішінен Ашу командасын орындағанда келесі параметрлердің бірін таңдау қажет:

Менің Кітапхана ресурсының бөлімінен «Менің кітапхана флипчарттарым... ресурсым» бумасына өту. Флипчарт файлын таңдап,

онда Ашу батырмасын шерткеннен кейін жаңа флипчарт ашылады.


Жалпы Жалпы кітапхана ресурсына ауысу бумасына өту.

флипчарттарым... Флипчарт файлын таңдап, Ашу немесе Болдырмау батырмаларын басу керек.



Басқа Басқа каталогтардан флипчартты ашуға және таңдауға бумалар... мүмкіндік береді. Каталогқа өтіп, Ашу немесе Болдырмау батырмасын басу керек.


АctivStudio-ның құралдар тақтасының құрылымы
негізгі құралдар тақтасы

арнайы құралдар тақтасы

флипчарттың

құралдар тақтасы



объектіні редакторлеу

құралдар тақтасы



бетті редакторлеу

құралдар тақтасы



тез таңдау құралдар тақтасы

Негізгі құралдар тақтасы
Тақырып қатары

Басты меню

Жылжыту

Флипчарт Бүктеу
Қаламның қалыңдығы Жұмыс үстелі
Түстер палитрасы

Қалам

Еркін таңдау
Маркер Өшіргіш
Мәтін Тазалау
Болдырмау Қайталау

Бүркемелеу

Прожектор

Фотоаппарат

Масштаб

Арнайы құралдар Тану
Құю Activote


Тақырып қатары

Негізгі құралдар тақтасын орнықтыру үшін оны шертіп ауыстыруға болады.


Басты Меню батырмасы

Құралдар тақтасы және баптау параметрлерін баптауға ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады.



Жоғары-төмен жылжыту батырмасы

Экранда орын босату үшін, негізгі құралдар тақтасын жабады.



Ішкі-сыртқы жабу батырмасы

Ярлык жолын көрсетеді және оны жасырады.



Флипчарт батырмасы

ACTIVstudio мен Windows қосымшасының арасында флипчартыңызды көрсетеді немесе оны жасырады. Егер жаңа флипчарт құрылмаған болса, онда оны құрады.




Жұмыс үстелінде аннотация жасау

Жазу жазып немесе оны жұмыс үстелінде Windows қосымшасында орнықтыру.



Қаламның жалпақтығын таңдау

Қаламның, маркердің және өшіргіштің қалыңдығын әр түрлі көлемде таңдау үшін шертіп, орналастыру.



Түстер Палитрасы

Флипчарттың объектілерінің түсін таңдау.



Еркін таңдау құралы

Бір немесе бірнеше объектілерді таңдау үшін оны шертіп, оларды редакторлеуге, басқаруға және оны араластыруға мүмкіндік береді.



Қалам құралы

Флипчартта аннотация жазуға немесе сурет салуға болады.



Маркер құралы

Жұқа қаламмен мәтінді, аннотацияны және кескінді белгілейді.



Өшіргіш құралы

Флипчарттағы объектілерді жасыру үшін қолданылады.



Мәтін құралы

Флипчартқа тақырып немесе ескертулер қосады.



Тазалау құралы

Флипчарттың бөлімдерін және нақты қасиеттерін өшіреді.



Болдырмау

Флипчартта орындалған соңғы командаларды немесе редакторлеуді толығымен қалпына келтіреді.



Қайтару

«Болдырмау» батырмасын басқанға дейінгі жағдайды қайтарады.



Бүркемелеу құралы

Флипчартты жасырып, соңынан оны төрт жағынан – жоғарыдан, төменнен, сол жағынан және оң жағынан көрсетеді.



«Прожектор» құралы

Көрсетілген аймақтың ортасынан басқаның бәрін де бүркемелеп көрсетеді.



Фотоаппарат құралы

Флипчартта пайдаланылатын экрандағы суреттерді суретке түсіреді.



Беттің көлемі

Флипчарттың бетін үлкейтеді немесе кішірейтеді.



Арнайы құралдар

Арнайы құралдар тақтасы арқылы таңдау.



Тану құралы

Қолданушының қолмен жазған жазуын машиналық жазбаға айналдырады, геометриялық фигураларды түзулейді.



Құю құралы

Нақты аймақты түспен толтырады.



ACTIVote

Тестілеу құрылғысы.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет