«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»



бет9/76
Дата25.05.2018
өлшемі14,22 Mb.
#40724
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76

7 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Ақпараттық технологиядағы онлайн режимі.
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін онлайн сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Сабақтарда ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады.

Оқытушы АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.

Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі — оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл — мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Мысалы онлайн сабақтарда бейне фильм көрсетіледі, электронды оқулықтан мәліметтер беріледі.Осындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.

Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Электрондық оқулық арқылы Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сонымен, электронды онлайн оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.


Интерактивті тақтада графиктік ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау.

Компьютерлік графика- әртүрлі кескіндерді(суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды)компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі кезде графиктік ақпарат түрлерімен жұмыс жааушылар саны артуда. Графиктік ақпараттар тек көркемдеу мен безендіру үшін ғана емес, сонымен қатар сабақтарды сызбаларды, диаграммаларды, графиктерді жасау үшін қолданады.

Интерактивті тақтада суреттермен, анимация, шеңбер, төртбұрыш, дөңгелек т.б графикалық ақпараттарды кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі. Мұны сабақ барысында кез-келген фигураны, суретті, анимацияны, тіптен математикалық формуланың қолдануға мүмкіндік береді.

8 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: PowerPoint презентациялық редакторында мәтіндік

ақпараттарды енгізу арқылы презентация құру
Мәтіндік ақпарат- алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиынтығы. PowerPoint презентациялық редакторында мәтіндік ақпараттарды енгізіп презентация құру үшін ең алдымен PowerPoint бағдарламасын іске қосамыз.

Негізгі беттің дизайынын, макетін, түсін таңдап аламыз. Тақырыбын жазып, әсемдеу үшін мәтіндік ақпараттарды енгіземіз.

Мәтіндік ақпараттар- алфавиттер, цифрлар, басқа да арнайы символдарды алдын-ала сақталған бумадан көшіру командасын орындау арқылы презентацияға әкелеміз. Одан кейін қою командасын орындаймыз.

Оның көлемін өзіміздің талғамымызға сай безендіреміз.

Презентацияға сонымен қатар анимация, видео роликтер, кино үзінділерін қоюға болады.

Флипчарт және флипчарт кескіні.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады. ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.

Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орында. Параметр менюінің тізімінен өлшемді таңда:

Экран өлшемі ACTIVstudio алдыңғы экранның көлеміндегідей жаңа флипчарт құрады. Мысалы: компьютерде 640х480 пиксел орнықтырылған болса, онда флипчарттың көлемінің ені - 640, ал биіктігі - 480 пиксел болады. Бұл өте ыңғайлы және экранның көлемін білесің.


800х600 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 800, ал биіктігі - 600 пиксел болады.
1024х760 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 1024, ал биіктігі - 760 пиксел болады.
Баптау... Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін құруға мүмкіндік береді. Тақырыптың оң жақ шетіндегі «Жабу» батырмасын басу керек. Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс шығады.

9 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: PowerPoint презентациялық редакторында кестелік ақпараттар-

ды енгізу арқылы презентация құру


  • Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды.

  • Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз.

  • Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды.

  • Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

  • PowerPoint презентациялық редакторында кестелік ақпараттарды енгізіп презентация құру үшін ең алдымен PowerPoint бағдарламасын іске қосамыз.

  • Негізгі беттің дизайынын, макетін, түсін таңдап аламыз.

  • Тақырыбын жазып, әсемдеу үшін кестелік ақпараттарды енгіземіз.

  • Кестелік ақпараттар- цифрлар есептер, математикалық формулалар, басқа да арнайы символдарды алдын-ала сақталған бумадан көшіру командасын орындау арқылы презентацияға әкелеміз.

  • Одан кейін қою командасын орындаймыз.

  • Оның көлемін өзіміздің талғамымызға сай безендіреміз.

  • Презентацияға сонымен қатар анимация, видео роликтер, кино үзінділерін қоюға болады.


Флипчарт батырмаларының қызметі
нақты элементтің немесе сұхбат терезесіндегі анықтаманың көрсеткіші.
флипчарт беттерінің жұмыс бетін немесе флипчарт бетінің кескінін өзгерту әдістері. Экранда беттің орналасу әдісін немесе оның көлемін таңдауға болады.

флипчарттың келесі бетіне ескертулер қосуға болады.


флипчартты экранда реттеу. Мұнда барлық ACTIVstudio терезелері кітапхана ресурстары немесе кітапхана сілтемелері ескеріледі.
флипчарт терезесін бүктеу. Флипчартты бүктегенде ол Windows-тың тапсырмалар тақтасында көрінеді. Бұл мәтінді және кескінді Office –тан флипчартқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

флипчарт терезесін алдыңғы қалыпқа келтіру.


флипчарттың терезесін экранның бетімен бірдей түрге келтіру.

флипчарт терезесін жабу.

10 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: PowerPoint презентациялық редакторында гиперсілтемелердің

көмегімен презентация құру
Power Point та презентация құруда немесе Web-беттерінде тек мәтін мен графика ғана емес, сонымен біре гиперсілтемелер деп аталатындар да болуы мүмкін. Web-беттеріндегі гиперсілтеменің түрі графика бейне де немесе ерекшеленген мәтін түрінде болады.

Презентация құру үшін жаңа презентация ашып,макетін, дизайынын таңдаймыз. Power Point гиперсілтеменің екі – ішкі және сыртқы түрін жасайды.



Ішкі сілтемені жасау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады.

1.Берілген сілтемеге шертіп, оқырман көшуге тиісті мәтінді немесе графикалық объектіні таңдаңдар.Мысалы, егер сендер осы сілтеменің көмегімен Web-беттің төменгі жағына көшкілерің келсе, беттің төменгі жағындағы мәтінді ерекшелеңдер.

2.Вставка Закладка командасын таңдаңдар. Закладка диалогтық терезесі пайда болады.

3.Бетбелгінің атауын енгізіңдер және Добавить батырмасын шертіңдер.

4.Ішкі сілтеме қызметін атқаратын мәтінді немесе графикалық объектні ерекшелеңдер. Егер сендер тақырыпты ішкі сілтеме ретінде пайдаланғыларың келсе, тақырыпты ерекшелеңер.

5.Вставка Гиперссылка өрісін таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.

6.Закладка батырмасын шертіңдер.Выбор места в документе диалогтық терезесі пайда болады.

7.Сілтемені онда орнатқыларың келетін бетбелгі атауын шертіңдер.

8.Добавление гиперссылки диалогтық терезесін алып тастау үшін ОК батырмасын шертіңдер.

Сыртқы сілтемені жасау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады:

1.Сыртқы сілтеме жасағыларың келетін мәтінді ерекшелеңдер. Бұл мәтін оның сілтеме болып табылатынын айқын көрсетуге тиіс және мәтіннен оның неге сілтеме жасайтыны көпе-көрнеу аңғарылуы керек. Немесе сілтемемен қатар сипаттама мәтінін орналастырыңдар, ол да осы гиперсілтеменің неге меңзейтіні туралы оқырманға бағдар береді.

2.Вставка – Гиперссылка командасын таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.Добавление гиперссылка диалогтық терезесі пайда болады.

3.Введите имя файла или Web-страницы өрісін өздерің қосылғыларың келген Web-тораптың URL-ін (мекен-жайын) енгізіңдер. Мысалы, егер сендер Web-беттеріңді «Диалектика» баспасының бетімен байланыстырғыларың келсе, http://www.dialektika.com. мекен-жайын енгізіңдер.

4.ОК батырмасын шертіңдер.

Сілтемелерді алып тастау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады:

1.Гиперсілтемені ерекшелеңдер

2.Вставка Гиперссылка командасын таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар. Добавление гиперссылка диалогтық терезесі пайда болады.

3.Удалить ссылку (гиперсілтемені алып тастау) батырмасын шертіңдер.



PowerPoint презентациялық редакторында басқа редакторларға сілтеме жасауды орындау

PowerPoint презентациялық редакторында басқа редакторларға сілтеме жасауды орындау үшін- Презентация бетінде тышқанның оң жағын шертіп-сілтеме батырмасын басамыз.

Сол жерден өзімізге қажетті файлды таңдап, OK батырмасын басамыз.

Сілтеме жасағанда интернеттен алуға, не сурет, кез-келген файлдарға сілтеме жасауға болады.


Теориялық сабақтарға презентациялар құру және оны флипчартқа ауыстыру

Қазіргі кезде сабақтарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану – маңызды орын алады. Соның бірі- презентациялар қолдану арқылы сабақтар өткізу.

Сабақтың түріне, тақырыбына, мақсатына байланысты презентацияларды жасау әртүрлі жолдармен жүреді.

Презентацияларға өз қалауымыз бойынша немесе сабақ түріне байланысты әртүрлі ақпараттар енгізуге болады.

Мәселен, мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды, анимацияғ сурет, видео енгізуге болады. Презентация құру үшін PowerPoint бағдарламасын іске қосамыз. Негізгі беттің дизайынын, макетін, түсін таңдап аламыз.

Тақырыбын жазып, әсемдеу үшін ақпараттарды енгіземіз. Презентациялар оқушылардың танымдық ерекшеліктерін ашуға, дамытуға себтігін тигізеді. Дайын болған презентацияны флипчартқа ауыстыру үшін Көшіру- қою командасын орындаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет