«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»



бет15/76
Дата25.05.2018
өлшемі14,22 Mb.
#40724
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76

2 Зертханалық сабақ


Тақырыбы: ACTIVstudio программасында объектілерге бейнекамера

құралын қолданып флипчарт құру
Интерактивті тақтаны қолданып сабақ өткізудің ерекшеліктері орында

Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады. Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруе интерактивті құралдарды пайдалану Оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Интерактивті тақта – дегеніміз не? Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.





Интерактивті тақтада суреттермен жұмыс жасау жолдары

графикалық файлдың беттеріне экспорттау

1. Экспорттауға арналған беттің бос орнына апарып, тышқанның оң батырмасын шертеміз.


  1. Менюден Экспорт страницы таңдаймыз

  2. Бумадан сақталған файлды таңдаймыз.

  3. Файл типін таңдаймыз (BMP, JPEG, PNG или TIF).

  4. Файлын тереміз

  5. Сақтау (Сохранить) батырмасын шертеміз.


ACTIVstudio программасында объектілерге сілтеме қоюды орында

  1. «Ағымдағы белгіленгендер» («Текущее выделение") бөлімінен «Қимылдар командасын» (Командные действия) таңдаймыз.

  2. Дөңгелек прожектор (Круглый прожектор) таңдаймыз.

  3. Өзгерісті қолдану (Применить изменения) батырмасын шертеміз.

  4. Қойылған қимылды тексереміз. Объектіні шерткенде экран өзгереді немесе дөңгелек прожектор пайда болады. Прожекторды қарапайым түрде қолданып, контекстік менюден Жабу батырмасын шертуге болады.Қосымша ақпаратты алу үшін:Сілтеме > Қимыл> Қимылдар командасы.Ссылки > Действия> Командные действия.






3 Зертханалық сабақ


Тақырыбы: Оқыту үрдісінде интерактивті құрылғыларды қолдану арқылы

оқушылардың білімін бақылау мен бағалау
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.



ACTIV ote технологиясы. ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.    ACTIVote қолдана отырып: «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады


ACTIVote (тестілеу құрылғысы)

ACTIVote құрылғысы ACTIVboard –тың көмегімен баяндамашыға сұрақтардың жауабын алуға арналған құрылғы. Бұл қолданушының жауабын бірден қабылдайтын байланыс құрылғысы болып табылады. Сұрақтарды алдын ала сұрақ шеберінің көмегімен алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Екі жағдайда да кері байланыс қамтамасыз етіледі. Кері байланысты экраннан бірден көруге боалды, сонымен бірге жауапты электрондық кестеге экспорт жасап, оны кейінірек анализден өткізуге болады. ACTIVote құралын: көрсету, жасырын, атаулы режимдерінде жүргізуге қолдануға болады.


ACTIVote құрылғысын Тіркеу

ACTIVote құрылғысын пайдаланғанда ACTIV board тақтасына радиобелгі жіберіп оны қабылдайды. Осы себепке байланысты алдын ала ACTIV board орналасқан бөлмеде ACTIVote құрылғысын тіркеуден өткізу керек. Тіркеуден өткізілгеннен кейін құрылғыны аудиторияда сұрақтардың жауабын алу үшін қолдануға болады.



Ескерту. Тіркеуден өткен құрылғыны бір рет қолдануға болады. Тіркеуден өткен құрылғыны кез келген режимде пайдаланылады. Әр түрлі режимдерде құрылғыны қайтадан тіркеу шарт емес. Бірақта батареясын ауыстырған жағдайда құрылғыларды тіркеуден қайтадан өткізу керек.

ACTIVote құрылғысын тіркеуден өткізу үшін, қажетті команданы Меню > ACTIVote > Құрылғы орындау керек.

Ескерту. ACTIVprimary бағдарламасында алдымен «Мұғалімнің құралдар меню» батырмасын басып Меню > ACTIVote > Құрылғы командасын орындау керек.

Бағдарламаның Құрылғыны тіркеу терезесі:



Алғашқы рет ешқандай құрылғы тіркелмеген жағдайда, тізім жолы бос болады. Алдымен ACTIVote құрылғысын қолданылатын мемлекетті таңдап алу керек. Мемлекетті таңдау себебі, бұл елде осы бағдарламаның рұқсат алғанын көрсетеді. Рұқсат болғанда ғана құрылғыны тіркеуді жалғастыруға болады. Ал рұқсат болмаған жағдайда ACTIVote құрылғысы тіркелмейді. Егер де тізімде сіздің еліңіз көрсетілмеген болса, онда техникалық қолдау көрсететін қызметінен кеңес алу керек. ACTIVote жүйесінде радиобелгі қолданса, онда көрші мемлекетті таңдауға болады. ACTIV board және ACTIVote құрылғылары екі бөлмеде қатар жұмыс жасағанда бір-біріне кедергі жасамау керек. Бағдарламада құрылғыны тіркеуден өткізгенде радиокедергіні болдырмаудың екі амалы бар:

Канал – ACTIVote құрылғысын баптағанда, оны үш каналда қолданады. Тақта идентификаторы - ACTIV board құрылғысын баптауға мүмкіндік береді, 99 идентификатордың бірін анықтауға болады. Осындай жағдайда қатарлас бөлмелерде тақтаның индентификаторын әр түрлі каналдарды қою керек. Мысалға:

1-бөлмеде: канал = 1 және тақта идентификаторы = 1

2-ші бөлмеде: канал = 2 және тақта идентификаторы = 2



Бір мекеменің ішінде бірнеше тақталардың арасындағы қашықтық 20 метрден артық болса да, әр түрлі идентификаторлар қою керек және каналдың реттік нөмірлерін болуы шарт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет