Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Мемлекетаралық нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды басып шығару тәртібі



бет29/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

5.2 Мемлекетаралық нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды басып шығару тәртібі
Мүдделі заңды және жеке тұлғаларды МСҚ ақпаратымен және нормативтік құжаттарымен қамтамасыздандыруды, оларды бекіткен органдар жүзеге асырады.
Әзірленген және қабылданған мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеушісі (ТЭА), техникалық регламент, ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттары, міндетті нормалар мен талаптарды регламенттейтін стандарттау жөніндегі ұсынымдары мен ережелері туралы ақпаратжәне де осы құжаттардың мемлекеттік құпия болмаған бөлігі тұтынушылар үшін ашық болуы тиіс.
Мемстандарт уәкіл еткен орган және мамандандырылғанқорлар өз құзырының шегінде ақпарат дайындау, нормативтік құжаттар, каталогтар мен сілтемелер басып шығару және қайта басып шығаруды жүзеге асырады. НҚ және ақпаратпен қамсыздандырукелісім негізінде жүзеге асырылады.
Техникалық, технологиялық және ұйымдастыру-әдістемелік мінезді нормалар мен ережелер белгілейтін нормативтік құжаттарды бекіткен органның рұқсатынсыз қайталауға және көбейтуге болмайды.
Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуші (ТЭА), және де мемлекеттік басқару органдары бекіткен нормативтік құжаттар авторлық құқықтық объектісі болмайды.
Мемлекетаралық НҚ туралы ақпарат жариялау және басып шығару тәртібі Мемстандарт уәкіл еткен орган СМАО, МСТ 1.0 сәйкес, МАК саласынан алыңған стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ақпарат ( бұдан былай стандарттау жөніндегі НҚ ) және стандарттау жөніндегі НҚ қамсыздандыруды және басып шығаруды жүзеге асырады.
Мемлекетаралық НҚ басып шығарған кезде құжаттың Алғы сөзі қайта ресімделеді. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес ( «____»____200_ ж. №____) «ҚАБЫЛДАДЫ» деген сөзден кейін: «_____» ___200__ж энергетика, индустрия және сауда министрлігің « Стандарттау, метрология және сертификаттау» жөніндегі комитетінің «___» ____200_ ж. №____ Қаулысымен МСТ _____ тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде «___» _____ іске қосылады, деп редакцияға жаңа абзац қосады. Ал ол « Осы стандартты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің техникалық секретариятының рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге, таратуға болмайды» деген жазбаның орнына « Осы стандартты Қазақстан Республикасының аймақтарында ресми басылым ретінде энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің рұқсатынсыз толық немесе артылай көбейтуге, таратуға болмайды» деп жазады.
Күші бар мемлекетаралық стандарттар мен өзгерістер туралы ақпарат мерзімі шығарылатын « Мемлекетаралық стандарттар» сілтемесінде және ай сайындағы стандарттардың ақпараттық сілтемесінде бар.
Қайта бекітілген, жойылған, ауыстырылған стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттар мен өзгерістерінің ақпараттары ( өзгерістер мәтінін қоса) ай сайыңғы ақпараттық сілтеменің екінші бөлімінде ( ҚР СТ АС) жарияланады.
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат жариялау және басып шығару тәртібі:
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі НҚ басып шығару және олардың басылып шығару туралы ақпарат жариялауды, Мемстандарт уәкіл еткен орган СМАО жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі НҚ ( ҚР мемлекеттік стандарттарын, ережелерін, ұсынымдарын) асып шығарған кезде ресімдеу ҚР СТ 1.5 сәйкес жасалады.
Техникалық регламенттерді басып шығаруды, белгіленген тәртіпте, бекіткен орган жүзеге асырады.
Бекіту туралы ресми ақпарат және әр құжаттың бір данасы, жинақтық анықтамалық-библиографиялық мәліметтер жиынтығын құрастыру үшін Мемстандарт уәкіл еткен орган СМАО – ға жіберіледі.
Стандарттау жөніндегі күші бар НҚ мен оларға өзгерістер туралы ақпарат жыл сайынғы « Мемлекеттік стандарттар» Сілтемесінде және ай сайынғы стандарттардың Ақпараттық сілтемесінде (ҚРСТ АС) жарияланады.
Жылдық сілтеменің құрылымы төрт бөліктен: жүйелі, нөмірлік және заттық сілтемеден және Қазақстан Республикасының аймақтарында қолдануға рұқсат етілген шетелдердің мемлекетаралық және ұлттық нормативтік құжаттар тізбесінен тұрады.
Жүйелі бөлік (СМЖ) стандарттардың Мемлекетаралық жіктеуші топтары мен бөлімдеріне сәйкес бөлімдер, бөлімшелер бойынша құрастырылады.
Жүйклі бөлікте әр стандарт бойынша екі бағанда ақпарат келтіріледі.
Бірінші бағанда стандарт белгілері белгіленеді. Екінші бағанда жаңалық туралы ақпаратжәне стандарт атауы келтіріледі ( алғашқы рет немесе орнына, толық немесе бұрын күші бар стандарттар жағынша)
Нөмірлік бөлікте әр стандарт бойынша атап өту тәртібіне төрт бағанда келесі ақпарат келтіріледі:

  • стандарт белгілері;

  • СМЖ бойынша стандарт коды;

  • Қабылданған өзгерістер туралы ақпарат;

  • Стандарт күшінің мерзімін шектеу туралы ақпарат және стандарттың қайта басылып шығуы туралы ақпарат.

Заттық сілтеме СМЖ жөніндегі топтарды көрсетіп, стандарттау объектілерінің атауын қосады. Қазақстан Республикасының аймақтарында рұқсат етілген мемлекетаралық, аймақтық, ұлттық, шетелді стандарттар тізбесінде:

  • құжат индексі;

  • құжат белгісі;

  • СМЖ тобы;

  • Құжат атауы;

  • Құжат жаңалықтары туралы ақпарат бар.

Ресми басылым ретінде нормативтік құжаттардың көбейтілген көшірмелерін тарату және дайындау тәртібі.


Мемлекетаралық және стандарттардың, ТЭА жіктеушілерінің, ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық мінезді ережелердің көшірмелерін тапсырушыға беру және жасауды Мемстандарт уәкіл еткен орган- СМАО жүзеге асырады.
Атап өткен құжаттардың көшірмелерін беру және жасау Ресей Мемстандартының Стандарттар баспасы мен Қазақстан Мемстандартының Стандарттардың мемлекеттік ақпараттық орталығы басып шығарған түп нұсқалары бойынша жүзеге асырылады. Баспа-полиграфиялық тәсілмен НҚ бірінші шығарылған даналар жоқ кезде СМАО-ға көшірмелер жасау рұқсат етіледі.
Көшірме жасағаннан кейін СМАО фондының қызметкері өзінің қолын және жасаған күнін нормативтік құжаттың бірінші бетіне « Ресми басылым» деген сөздердің төмен жағына қояды, НҚ әрбір беті СМАО-ның қорғау мөртабанымен куәландырылады немесе көшірме материалды куәландырылады.
Егер нормативтік құжатқа көшірме жасалған сәтті ай сайынғы Ақпараттық сілтемелер ( ҚР СТ АС ) өзгерістер қабылданып жарияланған жағдайда құжат көшірмесі тапсырушыға барлық қабылданған өзгерістермен беріледі. Мемстандарттың СМАО басып таратқан түпнұсқаның бағасынан кем емес НҚ көшірмелері заңды және жеке тұлғаларға сақталуға жатады. НҚ көшірмелерін Қазақстан Мемстандартының ресми басылымы ретінде Қазақстан Республикасының аймақтарында қарауға, қолдануға және шарт негізінде таралуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет