Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


ҚР білім беру деңгейінің мемлекеттік жіктеуіші



бет32/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

ҚР білім беру деңгейінің мемлекеттік жіктеуіші


    1. Тауарларды кодтау жүйесі



Код – жіктеу топтарын және жіктеу нысандарын белгілеу үшін қабылдаған белгі немесе белгілер жиынтығы.
Кодтау – жіктеу тобына немесе жіктеу нысанына код беру.
Кодтау жүйесі – жіктелген топтармен берілген көптіктердің жіктеу нысандарын кодтау әдіс, ережелерінің жиынтығы.
Кодтың алфавиті – код жасау үшін қабылдаған белгілердің жүйесі.
Кодтың негізі – код алфавитіндегі белгілер саны.
Кодтың цифрлік алфавиті – белгілері цифрлар болып басып келетін код алфавиті.


Тауарларды штрих кодтау.Шет елдерде тауардың қабында штрих кодтың болуы міндетті талапқа айналды. Онсыз сауда мекемесі тауарды қабылдаудан бас тарта алады. Тауардың әмбебап коды АҚШ-да 1973 жылы, ал кодтаудың Европалвқ жүйесі EAN 1977 жылы қабылданды. EAN- ның екі коды кеңінен қолданылады: 13 дәрежелі және 8 дәрежелі сандық кодтар. Бұлар әртүрлі ендіктегі штрихтар мен жолақтардың алмасуы болып табылады. Ең жіңішке штрих бірлік ретінде қабылданған. Әрбір сан ( немесе дәреже) екі штрих немесе екі жолақтан құрылады. 13 дәрежелі код ел коды ( «ел жауы») өндіруші кәсіпорын ( фирма) коды, тауардың өз коды және бақылау санынан тұрады.
Өндіруші кәсіпорын кодын әрбір елде тиісті мекеме құрастырады. Ол ел кодынан кейінгі бес цифрді қамтиды.
Тауардың кодын бес цифр тікелей өндіруші құрастырады. Кодты анықтау стандарттық болмайды. Ол тауардың белгілі сипаттамаларын ( белгілерін ) айқындайды немесе тауардың сол кәсіпорынға ғана тіркеу нөмірін көрсетеді.
Бақылау саны EAN алгоритімі бойынша сканермен санаудың дұрыстығын анықтауға арналған.
EAN-8 коды онша ұзын кодты орналастыруға келмейтін кішігірім ( үшін арналған ).
EAN-8 коды елдің коды, өндірушінің коды және бақылау санынан ( кейде өндіруші кодының орнына өнімнің тіркеу нөмірі қойылады) тұрады.
EAN- ның 13 дәрежелі коды ел коды, өндіруші коды, тауардың өз коды және бақылау санынан тұрады:



  1. Кодтың дәрежесі – кодтағы белгі позийиясы ( ұстанымы)

  2. Кодтың ұзындығы-жасақтары есептемегенде кодтағы белгілер саны

  3. Бақылау саны-код жазбасының дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылатын есептеу саны.

Елдердің коды арнайы және анықтамалық баспаларда жарияланып немесе мәліметтер банксында сақталатындықтан тұтынушының соңғы қорытындысы үшін ақпарат тек қана елді көрсетумен шектеледі. Толық штрих код сатып алушы сауда немесе сырқы сауда мекемелері үшін тауардың шығу реквизитін анық білу, сапа, кауіпсіздік және басқадай параметрлері келісім шартқа сәйкес келмейтін болса адрес бойынша шағым жасауға мүмкіндік береді. Өдірістік кәсіпорындар үшін штрих кодтау мына мүмкіндіктерді береді:



  1. автоматтандырылған басқару жүйесін игеруді жеңілдету;

  2. өндіру, жинақтау, өткізу салаларындағы операциялардың тиімділігін арттыру;

  3. пайдаланатын қорларға талдау жүргізу;

  4. құжат айналымның көлемін қысқарту;

  5. тауар қозғалысы мен өнімді өткізу туралы сенімді ақпаратты жүйелі жинақтауды қалыптастыру;

  6. басқару және бақылау ұйымдарына ақпаратты жедел жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет