Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Кейбір елдердің тауарды штрих кодтауға арналған EAN кодтары



бет33/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Кейбір елдердің тауарды штрих кодтауға арналған EAN кодтары



Елдің коды

Елдің атауы

Елдің коды

Елдің атауы

93

Австралия

750

Мексика

90-91

Австрия

496

Монғолия

779

Аргентина

70

Норвегия

54

Бельгия және Люксимбург

87

Нидерланды

380

Болгария

94

Жаңа Зеландия

789

Бразилия

560

Португалия

50

Ұлыбритания

590

Польша

599

Венгрия

460-469

Ресей

759

Венесуэла

383

Словения

400-440

Германия

888

Сингапур

489

Гонконг

00-09

АҚШ және Канада

520

Греция

869

Туркия

57

Дания

64

Финляндия

729

Израиль

30-37

Франция

80-83

Италия

859

Чехия

539

Ирландия

780

Чили

569

Исландия

73

Швеция

84

Испания

76

Швейцария

529

Кипр

860

Югославия

690

Қытай

880

Оңтүстік Корея

850

Куба

45-49

Жапония

487

Қазақстан

474

Эстония



Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1 ҚР стандартының мемлекеттік қоры.


2 ҚР ұлттық ақпарат орталығының қызметі мен міндеттері.
3 Мемлекеттік жіктеуіштер мен ақпаратты кодтауды жүргізу, қолдану тәртібі.
4 Жіктеуіш сипаттары.
5 Жіктеу әдістері.
6 Кодтау жүйесі
7 Жіктеу және кодтау нысандары.


Ақпараттық бастау ҚР СТ 1.1-2003, КР СТ 1.2-2000, КР СТ 1.5-2000, КР СТ 5.0-95
6 - Тарау. Қызметті стандарттау.
6.1 Қызметті стандарттаудағы негізгі қағидалары.


Қызметті стандарттаудың мақсаты:
1) қызметі стандарттау аумағындағы бірдей техникалық саясатты тарату,
2) тұтынушылардың мүдделерін және құқықтарын қорғау;

  1. қызметтің тұтынушылардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсізідігін қамтамасыз ету;

  2. адамдар мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану;

  3. қызмет пен қызмет көрсетудің бәсекеге сай болуын қамтамасыз ету;

  4. ғылым мен техниканың дамуына, тұтынушылардың қажеттілігіне байланысты қызметтің сапасын жоғарлату;

  5. қызмет пен қызмет көрсетудің сертификаттауға қажетті нормативтік базасын құру.



Қызметті стандарттаудың негізгі мәселелері:

  • қызметті нормативтік қамтамасыздандыру;

  • біртекті қызметтердің топтары мен топшалар қызмет түрлері, жекелеген қызмет пен қызмет көрсету үрдістерін және олардың құрастырушы, яғни адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптарды бекіту;

  • қызмет көрсету аумағындағы ұйымдарға, технологиялық үрдістерге мен басқаруға қойылатын талаптарды бекіту;

  • қызмет көрсету сапасымен бақылау әдістеріне қойылатын талаптарды тиімді бекіту;

  • қызмет көрсету аумағындағы терминдер мен анықтамалар;

  • қызметті жіктеу және кодтау жүйесін құру және енгізу;

Қызметті стандарттаудың негізгі принциптері мен объектілері:



  • нормативтік құжат талаптарының рационалды қарама қайшы келмейтін негізделген болуын қамтамасыз ету және оларды тексеру;

  • қызметті стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен барлық дәрежелер мен категорияларды бір-бірі мен байланыстығы мен үйлесімдігі;

  • қызметті орындаушы мен тұтынушы арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;

  • қызметтің қоршаған ортаға, адам өміріне, денсаулығына, мүлігіне қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • қызмет көрсету кезінде қазіргі өндірістік және ақпараттық технологияны қолдану халықаралық қызмет көрсету дәрежелерінің меңгеру;

  • қызметті стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды үнемі жетілдіру және жаңарту, халықаралық аумақтық қажетболған жағдайда басқа елдердің ұлттық нормативтік құжаттармен үйлестіру;

  • қызметті стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың оларды сертификаттауда қажеттілігі.



Қызмет аумағындағы стандарттау объектілер. Қызмет аумағындағы стандарттау объектілері:

  1. қызметтің түрлері белгілі бір қызмет түрлері бар текті қызметтің топтары мен топшалары;

  2. қызметке қойылатын талаптар;

  3. қызмет көрсету объектілер;

  4. қызмет көрсету өндірістік үрдісі;

  5. қызмет көрсету жағдайындағы көрсетілетін талаптар;

  6. инфрақұрылыды құрастырушы элементтер;

  7. ұйымдық әдістемелік және жалпы техникалық объектілер /стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қызметті басқаруды ұйымдастыру үрдістер/.



Қызметті стандарттау аумағындағы негізгі терминдер:
Қызмет- орындаушы сатып алушыға көрсететін ұйым немесе кәсіпкер;


Тұтынушы- жеткізуші ұсынатын қызметті тұтынушы;


Қызметті ұсыну- қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті орындаушы қызметі;


Қызмет көрсету- қызметті тұтынатын тұтынушымен орындаушының арасындағы байланыс;


Қызмет көрсету жағдайы- қызмет көрсету үрдісі кезінде қызметті тұтынуға әсер ететін факторлар жиынтығы;


Қызмет көрсету уақыты- тұтынушы мен орындаушы араласатын уақыт;
Қызмет көрсету аумағы- қызмет көрсетеін кәсіпорын, ұйым жеке тұлғалар жиынтығы;


Қызмет көөрсету объектісі- тұтынушының белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған орындаушының қызмет объектісі;


Қызметті орындаудағы технологиялық үрдіс- қызмет көрсету объектісінің жағдайы өзгеруіне байланысты ұсынылатын үрдістің негізгі бөлігі.


Белгілеуіне сәйкес келуі- бекітілген жағдайда белгілі бір қызметті атқара білу қабілеті;


Біртектес қызметтер тобы -жалпы мақсатты немесе функционалды міндет атқаратын қызметтер жүйесі( жиынтығы);


Біртектес қызметтер топшасы - жалпы функционалды міндеттер атқаратын және белгілі бір тұтыну қасиеттерімен ерекшеленетін біртектес қызметтер тобының бөлігі;


Қызметтер тобы - жалпы конструктивтік, технологиялық шешімдер және басқа да көрсеткіштерімен ерекшеленетін біртектес топшасының бөлігі;


Қызметтерді сертификаттау - көрсетілген қызметтердің қабылданған стандарттарда ережелерге сәйкестігін бекіту жөніндегі қызметтер;


Қызмет көрсету сапасын бақылау - өлшеулер, сынақ жүргізу, қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше сипаттамасын бағалау және нәтижелерді белгілеген шарттармен салыстыруды қамтитын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет