Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарты



бет36/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

7.2 ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарты.
Сапа менеджмент жүйесінің негізгі қағидалары. 1979 жылы ИСО шеңберінде ТК-176 «Сапа басқару және сапаны қамтамасыз ету» комитеті құрылды. Бұл комитеттің құрылуына сапа басқарудың тиімді жүйесін кәсіпорындарға енгізу, қамтамасыз етуді талап еткен өткір бәсекелестік түрткі болады.
Алғашқы кезеңде сапаны қамтамасыз ету саласының ИСО 9000 стандарттары. Британ ұлттық стандарттар негізінде әзірленіп 1987 жылы басылып шықты. Бұл жалпы сапа басқару стандартының өзара байланысты жиынтығы болады.
1994 жылы шыққан келесі концепция мекемелерге сапа жүйесін енгізу ұсыныстарымен едәуір кеңейтілді. 2000 жылдың желтоқсанында стандарттардың жаңа нұсқасы қабылданды. Бұл нұсқада кәсіпорындарда сапа басқару жүйесін құрудың мүлде айрықша жолдары қарастырылды.
ИСО 9000-2000 « Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздіктер» халықаралық стандартын « Сапа басқару және сапаны қамтамасыз ету» ТК-176 әзірлеп шығарады. Бұл стандарт алғы сөз, кіріспе, қолдану саласы, СМЖ-ның негізгі ережелері, терминдер мен анықтамалардан тұрады.
«Кіріспе» бөлімінде негізгі ережелер келтірілген. Онда ИСО 9000-2001 халықаралық стандартының негізгі ережелері- СМЖ-нің негізгі ережелері сипатталып, терминологиясыбелгіленген.
ИСО 9001-2001 мекемеге тұтынушы талабына сай өнім шығаратын өз мүмкіндігін көрсеткісі келген жағдайда СМЖ-не қойылатын талаптарды анықтайды және де тұтынушының қанағыттылығын арттыруға бағытталған.
ИСО 9004-2001 СМЖ-нің нәтижелігі мен тиімділігін қарастыратын ұсынымдарды мазмұндайды. Бұл стандарттың мақсаты мекеменің қызметін жақсарту, тұтынушылар мен басқа да мүдделі жақтарды қанағаттандыру болып табылады.
ИСО 19011 СМЖ-нің аудиті және қоршаған ортаны қорғау жөнінен әдістемелік нұсқауларды мазмұндайды. Бұл стандарттар бірлесіп СМЖ-нің өзара үйлесімді стандарттар кешенін құрайды, сөйтіп ұлттық, халықаралық стандартты өзара түсінікке жәрдем етеді.
Осылайша, ары қарай СМЖ-нің сегіз қағидасы сипатталады. Оларды жоғарғы басшылық мекеменің іс қызметін жақсарту мақсатында пайдалана алады. Ол қағидалар мыналар:

  1. Тұтынушыға бейімделу

  2. Басшылықтың озықтылығы

  3. Қызметкерлерді тарту

  4. Үрдістік амал

  5. Менеджментке жүйелік амал

  6. Ұдайы жақсарту

  7. Фактілерге негізделген шешім қабылдау

  8. Жабдықтау және өзара қарым-қатынас

СМЖ-нің осы 8 қағидасы ИСО 9000 стандарттар тобының негізін құрайды.


«Қолдану саласы» деген бөлімде осы стандарттың қолдану аспектілері, сапа жүйесінің негізгі ережелері, тиісті терминдер қамтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет