Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Қазақстан Республикасында стандарттарды халықаралық деңгейде қолдану барысы



бет35/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Қазақстан Республикасында стандарттарды халықаралық деңгейде қолдану барысы. Қазақстан ИСО, МЭК, МОЗМ сияқты халықаралық ұйымдардың мүшелеріне 1994 жылдан бастап ене бастады. Сондай-ақ, МГС (мемлекетаралық стандарттау жөніндегі кеңестің) және МНТКС (құрылыста техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның), сол сияқты ЕврАзЭС (Эвразиялық экономикалық ынтымақтастығы) және ШОС (Шанғай ынтымақтастық ұйымының) халықаралық ұйымдарының теңқұқылы мүшесі бола алды. Елімізде Саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар Орталығымен тығыз қарымқатынаста жұмыс істейтін Орталық құрылды. Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қоры халықпен тығыз жұмыс істейді. Онда 48 мыңнан астам нормативтік құжаттар, сондай-ақ ИСО, МОЗМ, МЭК халықаралық стандарттары да бар. Бүгінгі таңда тұтынушылардың стандарттар базысынан компьютер арқылы нормативтік құжатын оңай тауып алуына ыңғайлы жағдай жасалынған.
Мемлекетіміздің индустриялды-инновациялық бағдарламасының ең бір басты мақсаты – бәсекеге қабілетті және экспортқа ұялмай шығара алатын өнімдерді өндіру. Қазақстандық өндірушілерді ішкі және сыртқы нарықта жетістіктерге жеткізетін бірден-бір құрал – ол халықаралық стандарттарға көшу болып отыр.
Әлемнің алдыңғы қатарлы ИСО (халықаралық стандарттау ұйымы), МЭК (Халықаралық электротехникалық комиссия), МСЭ (Халықаралық телекоммуникациялар одағы) халықаралық ұйымдары өте құнды стандарттармен әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айтуға болады. Ол стандарттар нарықтық жағдайда да, үкіметтік, не болмаса аймақтық деңгейде де қолдануға өте ыңғайлы.
Қарапайым тіршілікте өндіріліп жатқан өнім, не қызмет түрі тасымалдануы керек, біреуден біреуге берілуі, яғни өндірушіден тұтынушыға жеткізіліп отыруы қажет етеді. Ал халықаралық стандарттау осы алмасуларды бір-бірімен үйлестіре түсіп, тиімділігін арттырады.
Бүгінгі күні саудадағы жаңа кедергілерді жою үшін ең жақсы тәжірибеден ең озық технологияларды пайдалану арқылы жетістіктерге жете аламыз. Одан біз ұлттық қауіпсіздігімізді және қауіпсіздік регламенттерін әзірлеуді қамтамасыз етеміз. Халықаралық стандарттардың маңыздылығын бүгінгі таңда әлем мойындап отыр. Мәселен 1946 жылы ИСО халықаралық стандарттау ұйымы құрылған кезде құрамында бар болғаны 25 ел болса, бүгінде 157 ел бар.
Өкінішке орай, Қазақстанда өндірісі дамыған елдердің халықаралық және ұлттық стандарттарымен өз стандарттарымызды үйлестірудің қаншалықты маңызды екенін бәрі түсіне бермейді. Бұл түсінбеушілік біріншіден, кететін шығындарға тікелей байланысты. Екіншіден, халықаралық стандарттарға көшудегі пайда бірден байқалмайды.
Стандарттау саласындағы мемлекеттік саясаттың көздеп отырған бір бағыты – ИСО 9000 және ИСО 14000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесі менеджментіне өту. Бұл жүйеде 2002 жылы – 75 кәсіпорын, ал 2003 жылы – 116 кәсіпорын сертификатталған болса, 2005 жылы сапа жүйесін сертификаттағандардың саны 388-ге жетті, сондай-ақ 159 кәсіпорын дайындық үстінде. Бұдан сапаны сертификаттаудың маңыздылығын еліміздің көптеген кәсіпорындары ерікті түрде мойындап отырғанын көреміз.
2005 жылдың 15-ші мамырында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» жаңа заңы өз күшіне енді. Бұл заңныңда көздеп отырғаны - өнімнің қауіпсіздігі. Техникалық реттеу жүйесі барлық техникалық регламенттер мен стандарттарды, аккредиттеу әдістері мен сәйкестікті растауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, халықаралық нормасына сәйкестендіреді. Сондықтанда да, қазақстандық кәсіпорындардың осы жүйеге тезірек өтуі аса қажет. Жалпы алғанда, техникалық реттеу жүйесі толығымен 2010 жылы жүзеге асатын болады деп күтілуде. Ол аралықта еліміздің бірқатар заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, кейбір заңдардың қайта қаралуы да мүмкін. Яғни Қазақстанда бәсекелестік орта кеңейі түсіп, отандық өнімдердің сапасы жоғарылап, жалған маркілі өнім түрлері азаятын болады.
Бүгінде стандарттау саласын жетілдіру әлем назарында тұр. Біздің елімізде көптеген жоғары оқу орындарныда стандарттау саласының мамандарын даярлау қолға алынып, сапа жүйесі бойынша сертификатталып, б.гінгі заман талабына сай білікті инженер-сарапшы мамандар даярлауда. Бірақ бұл саланың мамандарын әліде қажетінше оқу курстарына жіберіп, шет елдерде, сондай-ақ өз елімізде, халықаралық ұйымдармен тікелей байланысуы арқылы мамандардың біліктілігін жетілдіру шаралары жүзеге асырса нұр үстіне нұр болатыннына сенімдіміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет