Байланысты: 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы
Стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу. Мемстандарт стандарт жобасын қарап шығып оны бекіту, толықтыру үшін қайтару немесе жұмыс кестесінен алып тастау туралы шешім қабылдауы. Стандартты бекітерден бұрып Мемстандарт оның республикада қолданылатын заңдардың талаптарына, техникалық регламенттерге, мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, өзара байланысты мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық және шетелдердің ұлттық стандарттарының талаптарына, метрологиялық ережелер мен нормаларға, қолданылып жүрген терминологияға, стандарттарды құру және баяндау (жазу) ережелеріне сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік стандарттар Мемстандарттың қаулысымен бекітіліп, күшіне енеді.
Негіз қалаушы ( ұйымдастыру - әдістемелік ) және жалпы техникалық стандарттар, қабылдау ережелері, бақылау тәсілі, буып-түйу, таңбалау, тасымалдау және сақтау стандарттарын бекіткенде қолдану мерзіміне шек қойылмайды, тексеру уақыты көрсетіледі.
Өкімдер мен технологиялық процесстер, қызметтері жөніндегі мемлекеттік стандарттарды өнім мен технологияны жаңарту уақытын ескере (көрсете) отырып шектеулі (5 жылдан артық емес) мерзімге бекітеді.
Стандартты күшіне енгізу күні оны бекіткен кезден кемінде бір жылдан кейін болып белгіленуі керек. Алайда кәсіпорын, мекемелер қолдануға дайын жағдайда болса бекітілген стандарттар басқа кез келген күні күшіне енгізілуге болады, бірақ бекітілген және тіркеуге алынған күнінен бұрын емес.
Бірақ бекітілген мемлекеттік стандарттар Мемстандарттан белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік стандарттардың мемлекеттік тізіміне енуі
(тіркелуі ) тиіс. Қажет болған жағдайда мемлекеттік стандарттар әзірлеуші – мекемеге толықтап жетілдіру үшін қайтарылады немесе әзірлеуден алынып тасталады.
Әзірлеуден алыну себептеріне:
стандарттың жобасы ҚР-нда қабылданған стандарт және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына сай келмеу;
стандартты әзірлеу кезінде пайда болған келіспеушілікті шешу мүмкін емес болса;
қолданыстағы мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың талаптары қосарлану (егер әзірлену үстіндегі стандарт жобасында олардың қызметін тоқтату көрсетілмеген болса ) сияқты себептер жатуы мүмкін.
Мемстандарт бекітілген мемлекеттік стандарттар туралы мәліметті ац сайын шығатын « Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары» ақпараттық нұсқауына ( ҚР СТАН ) жариялап отырды.
Бекітілген мемлекеттік стандарттар Мемстандарттан белгіленген тәртіп бойынша басылып, таратылады.
Стандартты тексеру және жаңарту жұмыстары елдің қорғаныс қабілеті мен экономиканың және халық қажеттілігі бойынша және халықаралық талаптарға сәйкес атқарылады.
Мүдделі заңды және жеке тұлғалар ұсыныс ретінде өзгерту жобасын немесе қайта қараған стандарт жобасын келтіруге болады.
Әзірлеуші – мекеме түскен ұсыныстарды ескере отырып, стандарт жобасын ( стандартқа кіретін өзгерістерді ) немесе стандартты қайта қарау немесе жою туралы ұсыныс пікірін Мемстандартқа келтіреді.
Мемстандарт стандартты жою туралы шешімді мүдделі – мекемелердің ұсынысы бойынша жасайды.