Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі



бет24/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

4.6 Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі

Мемлекетаралық стандарттау жағындағы жоспарға ұсыныстарды ТМД елдерінің мүдделі ұлттық мекемелері, МТК, Қазақстан Республикасы жүргізетін хатшылықтар немесе олармен келісу бойынша МАЕ 22 ережелеріне сәйкес басқа мемлекеттер ұсынады.


Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар бағдарламаларының бөлігі болып табылады.
Уәкіл орган түскен ұсыныстарды талдайды, сын-пікір мен келісуге мүдделі министрліктерге, комитеттерге, басқа заңды және жеке тұлғаларға, жоспар жобасының бірінші редакциясын жоспарлаған жылдың. Алдыңғы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді және қалыптастырады.
Жоспар жобасын қарау мерзімі және ол бойынша сын-пікірді дайындау оны алған сәттен 1 айдан аспауы тиіс. Стандарт жобасына сын-пікірлер мекеме басшысының атынан жазба қорытынды түрінде рәсімделеді.
Сын-пікірді алғаннан кейін уәкіл орган жоспар жобасының соңғы редакциясын қалыптастырады және оны Мемстандартқа жоспарланған жылдың алдыңғы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей істеп беруге қайтару немесе бекіту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Соңғы редакциясымен түскен өтінімдер және түсіндірме хаттар тақырыптар саны жағына аналитикалық түрде құжаттардың санаттары мен түрлері, әзірлеушінің жұмыс орындау мерзімі, қаржыландыру көздері қоса жіберіледі.
Түсіндірме хатында әзірлеуге түскен өтінімдерінің жалпы саны, себептері көрсетілген қабылданбаған өтінімдердің саны, әзірлеудің ауыспалы тақырыбы көрсетіледі.
Жоспар жобасын қарағаннан кейін, Мемстандарт, қажет болса, мүдделі мемлекеттік органдармен және басқа заңды немесе жеке тұлғалармен ( егер олар жоспар жобасына ұсыныстарды ұсынса ) жоспар жобасының соңғы редакциясын қосымша келісу туралы шешім қабылдайды.
Мүдделі жақтардың ұсыныстарын ескеріп уәкіл органмен істеп бітірілген жоспар Мемстандартқа қарауға және бекітуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында дейінгі мерзімде ұсынылады.
Бекітілген жоспар Мемстандарт құрастырған тізбе бойынша министрліктерге, комитеттерге, басқа мемлекеттік басқару органдарына, және де жоспар тапсырмаларының әзірлеуші мекемелеріне жіберіледі.
Бекітілген жоспар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне шаруашылық және әскери өнімдеріне бірыңғай талаптары бар стандарттар тізбесін анықтау үшін жіберіледі.
Жоспарды жіберуді уәкіл орган Мемстандарттың жолдама хатымен жүзеге асырады.
Мемстандарт бекіткеннен кейін айлық мерзімде мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарлары толық көлемде кезекті Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының ай сайынғы ақпараттық сілтемесінде жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет