4.7 Фирма стандартын әзірлеу, бекіту және тіркеу
Фирмалық стандарттарды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар, концерндер мен қарымқатынастар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми зерттеу институттары әзірлеп, бекітеді.
Фирмалық стандарттар объектілеріне осы мекемеде жасалатын және қолданылатын өнім, үрдіс, қызмет жатады, соның ішінде:
- өнімнің құрамдас бөліктері, технологиялық жабдықтар мен құралдар;
- технологиялық үрдістер оған қойылатын талаптар қоршаған орта және адамдардың өмірімен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары;
- кәсіпорынның өз ішінде көрсетілетін қызметтер;
- өндірісті ұйымдастыру және басқару жұмыстары, соның ішінде экологиялық басқару, өнім сапасын басқару, сәйкестендіру, кодтау және терминология.
Фирмалық стандарттар Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар мен техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
Заңды және жеке тұлғалар егер өнімді өңдеу, өндіру, өткізу жөніндегі келісімдерде фирмалық стандарттарға сілтеме жасалған болса онда осы стандарттарды міндетті түрде ұстанады.
Фирма стандарты талаптарының республикада қолданылатын техникалық регламенттері мен стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі және оларды сақтау жауапкершілігі, оларды бекіткен мекемеге жүктеледі.
Халықаралық, аймақтық және шетелдік ұлттық стандарттарын ҚР СТ 1.9-99 стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде қабылдануына дейін фирмалық стандарт ретінде қолдануға болады.
Фирмалық стандарттарды басу, қайта басуды, оларды бекіткен мекеме ұйымдастырады.
Әкелінген өнімдерге фирмалық стандарттар әзірленбейді және мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Фирмалық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, қолдану, жаңарту және жою тәртібін мекемелер осы стандарттың талаптарын ескере отырып өз бетімен белгілейді.
Фирмалық стандарттарды құру. Баяндау, ресімдеу және мазмұндау ҚР СТ 1.5-2000 бойынша жүргізіледі.
Фирмалық стандарттарды мекеме басшысының бұйрығымен күшіне енеді.
Бұйрықта стандарттың күшіне енген күні, күшінде болатын мерзімі белгіленіп, стандартты қолдануға байланысты ұйымдық-техникалық дайындық шаралары бекітіледі.
Фирмалық стандарттың күшінде болу мерзімін әзірлеуші мекеме стандартты тіркеу кезінде өзі белгілейді.
Стандарттарды енгізу уақыты тіркеуден ілгері болуға болмайды.
Фирмалық стандарттар мекемеде белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |