Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың негізгі принциптері



бет28/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың негізгі принциптері. Мемлекеттік стандарттар қорынан қалыптастыру келесідей принциптерді ескере отырып іске асырылуы тиіс:

    1. мемлекеттік стандарттар қорының ұйымдық бөлімшелерінің құқықтарын сақтау; мемлекеттік стандарттар фондын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі сұрақтар бойынша біркелкі саясат жүргізу;

    2. мемлекеттік стандарттар қорының ұйымдық бөлімшелерінің арасында келесілген саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;

    3. бекітілген бағыттағы қызметтер бойынша құжаттармен ақпараттарды таратуға құқықты екеніні мойындау;

    4. мемлекеттік стандарттар қорының жұмыстарын реттеп отыратын органға ақпараттармен құжаттарды интеграциялау.

Мемлекеттік стандарттар қорының құрамы мен қойылатын талаптар. Мемлекеттік стандарттар қоры алдына қойылған мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Құжаттар құрамы мыналардың болуын қамтамасыз етуі керек:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау аумағындағы ҚР нормативтік актілер, мемлекеттік реестрлер, ережелер мен ұсынымдардың;
2) халықаралық және мемлекетаралық стандарттар, (Мемлекеттік стандарттар жобалары), технико-экономикалық ақпараттарды жіктегіш, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, өнім, қызмет көрсету жөніндегі техникалық шарттар;
3) стандарттау, метрология және сертификаттау аумағындағы халықаралық келісім-шарттар, шетелдердің стандарттау жөніндегі ережелер мен нормалар, ұсынымдардың;
4) министерствалар, мемлекеттік комитеттер, басқа да орталық басқару органдары мемлекеттік стандарттар қорына стандарттау, метрология және сертификаттау құжаттар мен ақпараттарды өздерінің құзыреті шегінде, республика бекіткен тәртіп бойынша енгізуліге.
Мемлекеттік стандарттар қорының тұтынушыларын қажеттілігін қамтамасыз ету үшін барлық ақпараттар ұағаз, электрон, микротасушы ретінде болуы тиіс. Мемлекеттік стандарттар қорының құрамына кіретін ақпараттық орталықтар республикалық қорлар өзінің қызметін сонымен қатар ақпараттар мен құжаттарды кешендеу, енгізу, стандарттау, метрология және сертификаттау аумағындағы белгілі бір мәліметтер базасын республика бекіткен тәртіп бойынша өз құзыреті шегінде орындауы керек.
Мемлекеттік стандарттар қорының әрі қарай дамып, жетілуі стандарттау, метрология және сертификаттау аумағында ақпаратпен қамтамасыздандыруды талап етеді.
Ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі автоматтандыру процесстерін өңдеу және қорға енгізу, тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге бейімделуді ескеруі керек.
Жүйені құрудағы негізгі принциптер:
- қолданушылардың қамтамасыз ету; кәсіпорынмен әртүрлі ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты орнату;
- ұйымдық - әдістемелік бірлік;
- аумақтық елдерді ескере отырып қазіргі телекоммуникация құралдары;
- жаңа ақпараттық ресурстарды қосу үшін анықтылық;
- көптеген тұтынушылар қолдана алатын интерфейс құру.
Ақпараттық жүйе мынаны қамтамасыз етуі тиіс:
- ақпараттар мен құжаттарды құжаттар, телекстер, магниттік ленталар, микрофильмдер арқыла оперативті түрде алу және тарату;
- ақпараттар мен стандарттарды тасу және ұсынуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;
- тапсырыс берушілерді қазіргі заманның барлық талап тілігіне сай қызмет көрсету;
- барлық отандық және шетелдік тұтынушыларды толық қанағаттандыратын мәліметтер базасы мен банкімен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік стандарттар қорының арнайы журналдарын, жарнамалық, ақпараттық бюллетендерін стандарттар каталогын басып шығару;
- пайда болған сұрақтарды шетел мәліметтер базасына INTERNET – арқылы кіріп, туындаған сұрақтарды шешу;
- ТМД құрамын кіретін елдердің мәліметтер базасы мен банкісімен өзара тиімді қарым-қатынаста мәліметтермен алмасуы;

  • ҚР ішінде стандарттау, метрология және сертификаттау аумағында органдардың мәліметтерімен өзара алмасуын қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет