Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Мемлекеттік ақпаратты жіктеу және кодтауды жүргізу, қолдану тәртібі



бет30/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

5.5 Мемлекеттік ақпаратты жіктеу және кодтауды жүргізу, қолдану тәртібі


Жіктеуіш - жіктелген топтар мен жіктеу нысандарының жүйеленген жиынтығынан тұратын ресми құжат.
Жіктеу және кодтау нысандарына статистикалық ақпарат, макроэкономикалық және құқтық қорғау іс қызметі, банк жұмысы, бухгалтерлік есеп, стандарттау, сертификаттау, өнім өндіру, қызмет көрсету, кедендік істер, сауда және сыртқы экономикалық іс қызмет жатады.
Технико- экономикалық және әлеуметтік жіктеу, кодтаудың біріккен жүйесін құру жөнін жалпы жетекшілік және үйлестіру жұмыстарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет және ҚР статистика мекемесі жүзеге асырады.
Қолдану аясы мен бекіту деңгейіне байланысты технико-экономикалық және әлеуметтік ақпарат жіктегіштері төменгі санаттарға бөлінеді:

  1. мемлекеттік-МЖ

  2. салалық(мекемелік) – СЖ

  3. бірлестік, кәсіпорын, ұйымдардың ( ары қарай кәсіпорын жіктегіштері )

Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет бекітіп, тіркейді.
Мемлекеттік жіктеуіштер құжаттардың сәйкестендірілген жүйесіне кіретін мемлекеттік мақсаттағы салааралық құжат түрлерінде мазмұндалған ақпаратты қамтиды. Сөйтіп әртүрлі министрліктері, мекемелер мен кәсіпорындарды басқару жүйелерінің арасында ақпарат алмасуда міндетті болып табылады. Салалық жіктеуіштері ҚР-ның тиісті министрлік, мекемелері бекітіп, тіркейді.
Бұл санаттың жіктеуіштері министрліктің бірлестік, кәсіпорындары мен ұйымдардың арасында ақпарат алмасу кезінде қолданылады.
Кәсіпорын жіктеуіштері мемлекеттік және салалық жіктеуіштерге енбеген ақпаратты қамтиды немесе сол кәсіпорынға тән белгілері мен жіктеу нысандары арқылы толықтырылған басқа санаттардың жіктеуіштерінен таңдап алынады.


ҚР-да пайдаланылатын мемлекеттік жіктеуіштердің тізімі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет