67
Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған
мәтіннен кейін қазақ тілі дәптерінде екі жол, математика
дәптерінде төрт тор көз тастап жазу (бұл – бір жұмыс пен екінші
жұмыстың шекарасын көрсету үшін және баға қою үшін қажет).
9. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерді төмендегі
тәртіппен түзету: қате жазылған әріпті не тыныс белгісін көлбеу
сызықпен
сызып тастау керек, қате жазылған сөз бөлігі мен
сөйлемді жіңішке сызықпен сызу: сызылған таңбалардың орнына
керекті әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазу; қате жазылғандарды
жақшаға алмау.
10. Барлық түзету сызықтарын ұқыпты етіп қарындашпен,
ал аса қажет жағдайда – сызғыш арқылы орындау керек.
Барлық оқушылардың қазақ тіліне арналған дәптерлері
әрбір сабақтан соң тексеріледі.
1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған
жаңа жазу шрифтісіне көшірілді.
Оңайлатылған алфавиттегі әріптердің басым көпші-лігі өзінің
сызылуы жағынан байланыстырып жазуға ыңғайластырылған.
Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына
төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2 : 1 қатысына сай
болу керек (үш негізгі элементтен тұратын
ж, м, т, ф, ш, щ, ы,
ю
әріптерінен басқасы).
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен
әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөнгелек элементтері бар
әріптерді сөз ішінде баска әріптермен байланыстырудың негізгі
екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы.
3. Оқушы қолжазбаға сауат ашу кезеңінен бастап үйретіледі.
Одан әрі жазуға (көркем жазуға) машықтандыру генетикалық
жүйеде өткізіледі. Генетикалық жүйенің ерекшелігі сол – онда
жазу жүмысы оқушыны психологиялық және интеллектуалдық
даму
дәрежесіне, дұрыс сөйлей білуіне, сондай-ақ өздігінен
жұмыс істей білу қабілетінің артуына сай келетін жоспарлы
да жүйелі, біртіндеп күрделіленген
жаттығулар негізінде
ұйымдастырылады. Бұл кезеңдегі көркем жазу оқушының қол
қимылын жаттықтыру, көзінің көруін қалыптастыруға арналған
«техникалық» жаттығулар ретінде емес, қазақ тілін оқытудың
жалпы жүйесімен тікелей байланысты қарастырылады.
68
1. Оқушылардың 4 жеке дәптері болуы шарт.
- 2 жұмыс дәптері
- 1 сын жұмысы дәптері
- 1 мазмұндама және шығарма дәптері
1-сыныпта дәптер сыртын мұғалім, ал 2-сыныптың 2-жарты
жылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек:
Алматы қаласындағы
№12 мектеп- гимназиясының
3 «А» сынып оқушысы
Канидолла Ақжанның
қазақ тілінен сын жұмысына
арнаған дәптері
Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1,
2- сыныптарда кіші жол дәптерлеріне, ал 3- сыныптың ІІ жарты
жылдығынан және 4-сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет.
3- сыныптың І тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған
жөн.
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды,
ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- Жазуы ұқыпты;
- 1, 2 және 3- сыныптың І жарты жылдығында ай аты жазбаша,
күн реті араб цифрымен
жол ортасынан жазылады;
- 3- сыныптың ІІ жарты жылдығынан және 4- сыныпта ай
аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- Күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.
Сынып жұмысы. Сынып жұмысы.
- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді
де, күн реті жазылмайды;
- 3- сыныптың ІІІ тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық
жазылады, реті жазылады. Мысалы: 15- жаттығу;
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда
бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала
бақа
барыс
69
- Сынып жұмысын немесе үй
жұмысын орындағанда
тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- Мәтін азат жолдан басталады;
- Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол
қалдырылады;
- Талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған
қара қарындашпен орындаған жөн;
- Ереже, емлені белгілеу үшін
жасыл сияны қолдануға
болады;
Достарыңызбен бөлісу: