Дәрістің мақсаты:
жылдың екінші жартысында бірінші
сынып оқушылары әліппеден алған білімдерін ана тілі пәні
арқылы тереңдете отырып, оқу, жазу, түсініктерін айта білу,
сөйлем, сөз ұғымдарын тереңдете түседі. Осы кезеңде ана тілін
оқыту үдерісінің мақсат-міндеттерін, ұйымдастырылатын жұмыс
түрлері мен олардың көлемі мен бағалау сапаларын студенттерге
меңгерту.
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1.
Танымдық қасиеттерді дамытудағы Ана тілі пәнінің рөлі.
2. Оқу дағдысының негізгі сипаттамалары.
3
.
Әдеби оқу сабақтарындағы мөлшерлер.
Әдебиеттік оқу, «Ана тілі» пәндерінің «Жалпы білім
стандарты» мұғалімнің алдына нақты міндеттер қояды.
Бұл міндеттердің негізгісіне мықты және толыққанды оқу
дағдысы жатады.
Оқу дағдысы – өте күрделі психофизиологиялық құрылым.
Онда ойлау мен сөйлеу қызметінің қасиеттері мен элементтері
тығыз байланысты болады.
Оқу үрдісіне оқушының еріктік қасиеттері, сезімі, қабылдауы,
зейіні, ой-қиялы, есте сақтауы, қабілеттері, қызығушылығы,
ұстанымдары қатысады. Бұрын жинақталған қоршаған орта
туралы білімдері, адам туралы, табиғат пен қоғам туралы, бұрын
оқыған шығармалары, естігені мен көргендері т.б. білімдері
кәдеге асырылады.
Күнделікті әңгімеден, тұрмыстық жеке, ұжымдық қарым-
қатынастардан жинақтаған сөздік қоры, лексикасы тыныш
жағдайдан белсенді қозғалысқа кіреді.
Оқу қызметі (оқулықты оқу, әдеби кітапты оқу, басылымдарды
оқу) - оқушының алдынан өзі туралы, басқа адамдар, қоршаған
дүние туралы танымдарын тереңдетуге, кеңейтуге жаңа, шексіз,
мол бастаулар, сан алуан жаңа жолдар ашады.
Осылайша, оқу дағдысы негізінен екі жақтан қалыптасады:
Мағыналық –
түсіну, мазмұнын ой елегінен өткізу
,
қарқындық –
бұл біріншіге бағынады, оны дұрыс, мәнерлеп
оқу әдісімен толықтырады.
127
Достарыңызбен бөлісу: |