3. Мәнерлеп оқу.
Оқу мәнері мәтін мазмұнына қарай оқушының қажетті
кідірістерді (логикалық-емлелік кідіріс, өлең оқығанда
психологиялық-ритмикалық кідіріс) дұрыс қолдана білуінен
бастау алады. Ойлау және психологиялық екпін қою, тыныс
белгілерін сақтай отырып, дауыс ырғағын дәл табу, әрі оны
қатты оқу.
Мәнерлеп оқу, мектеп жағдайындағы ең жоғарғы оқу түрі
ретінде, алдымен көркем әдебиет оқығанда қолданылады,
екіншіден мәтін жан-жақты талқыланып, оқушы түсінген соң
мәтінмен жұмыстың ең соңғы кезеңінде қолданылады.
Әдеби оқу сабақтарындағы мөлшерлер
Сабақ үстіндегі үзіліссіз оқу ұзақтығы оқушылар үшін:
1 сынып – 7, 10 минут;
2 сынып – 15 минут;
3-4 сынып – 20-25 минут.
Жаттауға арналған шығармалар нормасы:
2-сынып
Оқушылар 10-12 өлеңді жатқа оқуы керек, прозалық
шығармалардан 2-3 шағын, аяқталған үзінділерді жатқа білуі
қажет.
3-сынып
Оқушылар 13-14 өлең, 5-6 жүйелі аяқталған, прозалық
шығармалардың үзінділерін (20-25 қатар) жатқа оқу қажет.
4- сынып
Оқушылар 15-16 өлең, 4-5 жүйелі аяқталған, прозалық
шығармалардың үзінділерін (25־30) қатар жатқа оқу қажет.
Әдебиеттік оқу пәнінен 18 беттік дәптер ұстауына болады.
Дәптерлерінде шығармашылық жұмыстар (шағын шығарма,
суреттер, шығармаға жоспар, әдеби ұғымдарға анықтамалар
т.б.) жатады.
Әдебиеттік оқудан бағалау критериийлері.
130
Оқу дағдысын бағалау әр тоқсан соңында өткізіліп, журналға
төмендегі мөлшерлер бойынша қойылады:
- Түсініп оқу, жылдам оқу, дұрыс оқу, мәнерлілігі.
«5» қойылады, егер барлық талап орындалса;
«4» қойылады, егер 1 талап орындалмаса;
«3» қойылады, егер 2 талап орындалмаса;
«2» қойылады, егер барлық талаптар орындалмаса.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мәнерлеп оқуға талаптар:
1) екпінді дұрыс қою;
2) кідіріс сақтау;
3) ырғақты дұрыс таңдау;
4) қажетті дауыс мәнерін сақтау;
5) қатесіз оқу.
«5» - барлық талаптар дұрыс орындалған,
«4» - 1,2 талап орындалмаған;
«3» - 3 талап түрі орындалмаған;
«2» - 3-тен артық талап орындалмаған.
Рөлдермен оқу.
Рөлдермен оқуға қойылатын талаптар:
1.Өз сөздерін дер мезгілінде оқу;
2.Дұрыс дауыс мәнерін сақтау;
3.Қатесіз оқу;
4.Мәнерлеп оқу.
«5» - барлық талаптар орындалған,
«4» - 1 талап бойынша қате жіберілген;
«3» - 2 талаптан қате кеткен;
«2» - 3 талап бойынша қате жіберілді.
Мазмұндау.
«5» - оқылған мәтін мазмұнын өз бетінше жүйелі, басты
тақырыптан ауытқымай мазмұндайды, сұраққа дұрыс жауап
береді, сұраққа жауапты мәтін ішінен үзінді оқып берумен
толықтырады;
«4» - 1, 2 қате жіберілсе, бірақ өзі түзетеді;
«3» - жетек сұрақтар көмегімен мазмұндайды, оқылғанды
жүйелі айта алмайды, сөйлеу қателерін жібереді;
«2» - оқылғанның мазмұнын айта алмайды.
131
Достарыңызбен бөлісу: |