Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Оқу дағдысының негізгі сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет55/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Оқу дағдысының негізгі сипаттамалары:
1. Түсініп оқу 
(мәтіннің мазмұнын дұрыс түсіну).
Мәтін мазмұнын, шығарманың идеялық бағыттылығын, 
кейіпкерлерін, әдеби тәсілдерді түсініп оқумен ерекшеленеді.
Оқудың түсініктілік жағы – бұл оқырманның төмендегі 
заттарды біртұтас түсінуі:
- Мәтінде қолданылған сөздердің көпшілігін тура және 
ауыспалы мағыналарында да түсінуі;
- Мәтін құрамындағы сөйлемдердің әрқайсысын жеке және 
басқа сөйлемдермен байланыста түсіну;
- Мәтінің бөлімдерін (азат жол, эпизод, тараулар), ол бөлімде 
не туралы айтылғаны және нені меңзейтіні туралы түсіну.
- Мәтіннің негізгі мазмұны (өзінің соған қатынасын) түсіну.
- Түсініп оқудың деңгейі мен тереңдігін бағалау кезінде 
мәтін мазмұнының екі жоспарын түсінудің маңызы зор:
- Пәндік жоспар;
- Пәндік жоспар мазмұны;
Пәндік жоспар
– бөлме ішін сипаттау, кейіпкерлерді 
сипаттау, диалогтарды, кейіпкерлердің пікірлерін, ой-толғауларын, 
оқиғалар тізбегін, сөздердің, сөйлемдердің мағынасын сипаттау.
Пәндік жоспар мазмұны
– бұл жоғарыда аталған заттардың 
оқырманға айтары, жазушының оқырманға айтқысы келген ойы.
2

Оқу жылдамдығы
Оқу жылдамдығының құрамдас бөліктерінің әрқайсысының 
өз ерекшеліктері бар. Оның әрқайсысы оқу жылдамдығына әсер 
етеді. Бөліктерінің ішіндегі маңыздысы 
– 
оқудың әдістері.
Оқу әдістерінің 5 негізгі түрі бар: 1) бірқалыпты буындап 
оқу, 2) бірқалыпты буындай отырып сөзді тұтас оқу; 3) тұтас 
сөздерді оқу; 4) сөз топтарын оқу.
Әдістерді жүйелі түрде дамыта отырып, оқушыны буындап 
оқудан, тұтас сөздерді, сөз топтарын оқуға бірте-бірте жетелеу 
керек.
Оқу шапшаңдығы оқу әдістеріне, әрине түсініп оқуға тікелей 
байланысты. Оқу жылдамдығының шамалай орнатылған деңгейі 
бар:
Міндетті деңгей
сынып
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық
1
20-25 сөз (1, одан да көп 
әріптен тұрады)
30-35 сөз


128
2
40-45 сөз
55-60 сөз
3
65-70 сөз
75-80 сөз
4
85-90 сөз
95-100 сөз
Мүмкіндік деңгей
сынып
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық
1
30-35 сөз 
40-50 сөз
2
55-60 сөз
65-70 сөз
3
75-80 сөз
85-90 сөз
4
95-105 сөз
110-120 сөз
Оқу жылдамдығын тексеру кезінде барлық сыныптарда 1 
әріптен тұратын сөзден бастап түгел саналуы тиіс. Бағаны тек 
қана оқу жылдамдығы үшін емес, оқушы қалай оқығанын да 
атау қажет: деңгейге сай, деңгейден жоғары, деңгейден төмен. 
Бірақ әр баланың жүйке жүйесінің түрін (флегматик, меланхолик, 
холерик, сангвиник) ескеру міндетті. Оқу жылдамдығын 
тексеру барысында баланың қорқу, абыржу сияқты жағдайлары
туындаған жағдайда бағалау баланың пайдасына шешілуі керек. 
Оқу шапшаңдығынан, түсініп оқудан, қателер саны жағынан 
да аталған ескертпелер ескерілуі қажет.
Оқу дағдысының келесі көрсеткіші – дұрыс оқу. Дұрыс 
оқуда төмендегі жағдайлар ескеріледі:
- ауыстыру;
- қалдырып оқу;
- орнын алмастыру;
- қосып оқу;
- бұзып оқу;
- әріп, буын, сөздерді қайталау;
- екпін қателері.
Осындай қателерді болдырмау үшін: 
- Оқыр алдында сөздердің лексикалық мағынасын түсіндіру. 
Сөз мағынасын түсінбесе, мәтінді дұрыс қабылдауы қиынға 
соғады.
- Буындық құрамы, тілдік құрамы күрделі сөздерді алдын 
ала буындап оқыту.
- Сабақ үстінде мәтінді мұқият тыңдауға қолайлы жағдай 
(ахуал) туғызу, сұрақтар мен тапсырмаларды нақты қою.
- Мәтінді алдын ала ішінен оқып шығу.
- Оқушылардың оқу қызметін мұғалімнің жүйелі түрде 
бақылауы.


129
- Қателердің сипатына қарай оларды әдістемелік дұрыс 
түзетіп отыру.
- Сөздердің жалғауларын қате оқығанда, мұғалім оқушының 
оқу барысын тоқтатпай түзетіп отырады.
- Орфоэпиялық мөлшерді бұзып оқыған қателерді түзетуге 
басқа оқушылар қатыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет