Оқу үрдісінде электронды оқулықты қолдану технологиясының ерекшеліктері
Жаңа ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тəуелсіз Қазақстан Республикасының əрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда пəн мұғалімдерінің рөлі зор. Оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, ой-өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік жəне табиғат құбылыстарын жеке бақылағыштық, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын сезімдерін жетілдіреді.
Оқушылардың қазіргі заман талабына сай жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту жəне электрондық оқулықтарды пайдаланып, қоғамдық пəндерге деген қызығушылығын арттыру — əрбір мұғалімнің міндеті. Əрине, электронды оқулықтарды қолданудың əсері мол. Осы талаптарды жүзеге асырудың бірінші талабы оқушының компьютерлік біліктілігіне байланысты.
Оқыту үрдісінің негізгі мəселесі — оқушыға іргелі де терең, тиянақты жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті адамды ғылыми ойлауға, оның əдіс-тəсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызады.
Бүгінгі күні бұл міндетті электрондық оқулық жүзеге асыруға тікелей қатысуда. Электронды оқулық жасау кезінде пəн бойынша мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасы негізге алынады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігі жəне «жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс» [1], — деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың мақсаты — «оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуы кезеңінде электрондық оқулықтардың ерекшелігі үлгіге сəйкестілігі мен жоғары мобильділігі, оқуға үйренуге икемділігінде болып табылады. Электрондық оқулықтар оқу жəне зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын қажетті құрал болып есептеледі. Электрондық оқулықтарды мына мақсаттарға пайдалануға болады: электрондық анықтама, электрондық есеп, иллюстративтік материал, оқулық ретінде.
Электрондық оқулық — ғылыми-педагогикалық құрал. Элетрондық оқулықтардың жасалуы модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сəйкес жасалады. Оған əрбір пəннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдары мен педагог-дидакттар, əдіскерлер, программист-дизайнерлер, операторлар қатысады.
Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: оқу; оқыту; бақылау жəне тексеру.
Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын жəне олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нəтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық білім беру танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік əдістерін даярлап береді. Электрондық оқулықтар əр түрлі ақпарат жиынтығын, оқушыларға білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы толық мəлімет бере алады.
Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы — модульден тұрады, ол оқушының толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.
Гипермəтінде елестететін мəтінді пайдалану (негізгі сөзді түрлі бояумен жəне шрифтпен ерекшелеу), жоғары сапалы бейнелердің, суреттердің дидактикалық талаптарына жауап береді, оқып отырған материалды қабылдауды жеңілдетеді.
Электрондық оқулықтың əр шағын модуліне қосымша материалды толық меңгеру үшін, студенттердің өз бетінше шығармашылық жұмыстармен айналысуы үшін өтілген оқу материалдарына сəйкес тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі беріледі.
Тапсырмаларды тексеру шағын модульді аяқтағаннан соң, ал тест арқылы бақылау негізгі модульді өткеннен соң жүргізіледі. Оқушылардың дидактикалық жəне əдістемелік даярлықтарына арналған тапсырмалар олардың белсенділігін қалыптастырады.
Электронды оқулық ерекшелігі — жоғары мобильдігі мен икемділігі, онда көптеген иллюстрациялар, бейнефильмдер көріністері енгізілген. Электронды оқулық күнбе-күн, түскен жаңалықтармен қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сонымен қатар оқулық оқушыға тест сұрақтарын қойып, жауабына нақты бағасын алуға жағдай жасайды. Қажет болған жағдайда оқушы мəтінге қайтадан оралып, түсінбей қалған жерін қайта қарап, тақырып соңындағы бақылау тестіні немесе кестені толтырады. Міне, осы кезде оқушының жеке бас психологиясына электронды оқулық назар аударады десе де болады. Топ алдында жіберген қатесін тауып, түзетуге тырыспаса,
«ұялшақтығынан», ал электрондық оқулықтың көмегімен ол қажетіне қарай кейін оралып, дұрыс жауабына келеді [2].
Электронды оқулық заман ағымына сай оқушылардың қызығушылығын арттырып, түсінбей қалған сəттерін қайтадан көруге, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияның соңғы жетістіктерін көре отырып, қазіргі талапқа сай маман дайындалады;
білім алушылар ғылыми техниканың жетістіктерін өз саласында пайдалану əдістерін қалыптастырады;
оқу үрдісі жеделдейді;
оқушының шығармашылық бастамасы дамиды;
электронды оқулық аралық білім беруге жол ашады. Бұл ауыл мен шағын комплектілі мектептерде қолданылуы мүмкін;
білім сапасы жоғарылайды;
экономикалық жағынан тиімді.
Үшінші мыңжылдықтың басында көптеген елдерде орын алып отырған ғаламдық өзгерістер мемлекеттердің жаңа дəуірде, қоғамдық өмірлік негізін ақпараттық ресурстар мен ақпараттық- коммуникациялық технологиялар құрайтын ақпараттық кезеңге қадам бастық. Білім саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланбай, мемлекеттердің ғаламдастыру жəне тұрақты өркениеттік даму жолымен алға басуы мүмкін емес.
Электронды оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет жəне оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы жеткілікті: жинақтылық, жүйелік, көркемділігі, жылдамдылығы.
Бұл электронды оқулықтың тиімді жері, ара қашықтықтан оқытуға, оқушының өздігінен оқып- үйренуіне жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |