Оқу сабақтарының жоспары (теориялық және өндірістік оқыту)



бет3/4
Дата01.03.2023
өлшемі22,3 Kb.
#170609
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
31 сабақ
кл час (2), 11 Ñ Ð°Ò Ñ Ñ Ñ Ð¿, 7 , дәріс 1, дәріс 1, ШОТ Жоспары, Otchet primer IS, 18 ВТ-3, Access практика, Экстремистік, террористік әрекеттерден, Критерий оценки, КС тема 4, 1 Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары, план 1 март
Жобалаушы ішкі жүйелер объектіге бағытталған жүйелер қатарына жатады. Анықталған жобалау сатысын немесе бір бірімен байланысқан жобалық есептер тобын іске асырады.
3. АЖЖ құрамдастары және қамтамасыз етулері
Әрбір ішкі жүйе өз кезегінде жүйенің қызметін қамтамасыз ететін, анықталған функцияларды орындайтын құрамдастардан тұрады. Бір типті құрамдастардың жинағы АЖЖ-нің қамтамасыз ету құралдарын құрайды. АЖЖ қамтамасыз ету түрлеріне жатады:Математикалық қамтамасыз ету (МҚ) – автоматтандырылған жобалау есептерін шешуде пайдаланатын математикалық әдістер, моделдер және алгоритмдер жинағы. Қажеттілігі және жүзеге асыру амалы бойынша екіге бөлінеді:
математикалық әдістер және соларға құрылған математикалық моделдер;

  • автоматтандырылған жобалау технологиясының қалыптастырылған түсініктемесі.

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) жалпыжүйелік және қолданбалы түрлеріне бөлінеді:

  • қолданбалы БҚ жобалық процедураларды тікелей орындау үшін математикалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қолданбалы бағдарламалар пакеттері түрінде іске асырылады. Анықталған жобалау сатыларына қызмет жасайды немесе түрлі сатылар ішіндегі біртипті есептер тобын (құбырларды жобалау модулдері, схематехникалық моделдеу пакеттері, жобалаудың геометриялық шешімдері) шешу үшін қажет;

  • жалпыжүйелік БҚ техникалық қамтамасыз ету құрамдастарын және қолданбалы бағдарламалардың қызметін қамтамасыз етуді басқару үшін қажет. Жалпыжүйелік БҚ құрамдасының мысалы ретінде операциялық жүйені қарастыруға болады.

Техникалық қамтамасыз ету (ТҚ) – бір бірімен байланысқан және өзара қимыл жасайтын техникалық құралдар жинағы (ЭЕМ, перифериялық құрылғылар, желілік жабдықтар, байланыс тізбектері, өлшеу құралдары).
Ақпараттық қамтамасыз ету (АҚ) – жобалауды орындау үшін қажет деректер жинағы. Стандартты жобалық процедуралар түсініктемесінен, типтік жобалық шешімдерден, жасақтаушы бұйымдардан және солардың моделдерінен, жобалау ережелерінен және нормаларынан тұрады. АЖЖ АҚ негізгі бөлігі – мәліметтер базасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет