«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК Оқу сабақтарының жоспары (теориялық және өндірістік оқыту)
АБЖ ,АЖО түсініктерін біледі (Сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Автоматтандырылған ақпараттық жүгйелер
Дайындаған педагог:Жүнісжанов Б.Б.,Нұрғалиева Т.Т.
1. Жалпы мәліметтер Курс, топтар: ІІІ курс, 20 AJ - 3
Сабақ түрі: дәріс
2. Мақсаттары, міндеттері: Автоматты басқару жүйелері туралы негізгі түсініктер және оларды құру принциптерімен танысу
2.1 Оқу сабағы барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі:
4. Сабақ барысы:ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасы (Quiziz платформасы), жаңа сабақ, тәжірибелік тапсырма, жаңа тақырыпты бекіту (Learningappsплатформасы), қорытынды бағалау.
5.Сабақ бойынша рефлексия: Жаңа түсініктер мен терминдерді меңгеру дәрежесін анықтау.
6. Үй тапсырмасы: Жаңа тақырып бойынша конспект.
Сабақтың тақырыбы: АБЖ ,АЖО түсініктерін біледі Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару объектісіне әсер ететін тиімді ыкпалды басқару дейді. Егер бұл басқару адамның қатысуынсыз жүзеге асса, оны автоматты, ал адамның катысуымен болса қолмен басқару деп атайды. Жалпы технологиялық процестер орындалатын барлық өндіріс жабдықтары басқару объектілеріне жатады.
Технологиялық процесті берілген қызмет жоспарына сәйкес объектіге сырттан берілетін арнайы нұсқаулар (ережелер) жиынтығын басқару алгоритмі дейді.
Басқару объектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез келген техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы делінеді.
Бір-бірімен байланысты және басқару алгоритміне сәйкес өзара әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару объектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі (АБЖ) деп аталады