Оқу сауаттылығЫ 1-НҰСҚа зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл»



бет200/205
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#94049
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1

99-НҰСҚА
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.
Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.
Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. (174 сөз)
Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы
1. Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз
A)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі
B)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі
C)Қоңыр салқын самал желдің соғуы
D)Құстардың сайраған үніне таңдануы
E)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін
A)Екеуі де дұрыс
B)Дұрыс жауап жоқ
C)Тек екіншісі
D)Тек біріншісі
E)Екеуі де бұрыс
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. (166 сөз)
(Интернет материалдарынан)

3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?


A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан
B)Егіз төл беретіндіктен
C)Мүйізі үлкен болғандықтан
D)Суыққа төзімді болғандықтан
E)Меринос қойымен будандастыратындықтан
4. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады
B)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті
C)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады
D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді
E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
5. Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Шөп қоректілер.
B)Сүт қоректілер.
C)Ет қоректілер.
D)Қос аяқтылар.
E)Үй жануарлары.
6. Арқар қандай жерлерді мекендейді?
A)Тау бөктерлерін
B)Құмдауыт ойпаттарды
C)Жазық даланы
D)Егіс алқаптарын
E)Шөлейт жерлерді
2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді.
«Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет