Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-мәтін  Қарт пен тапкыр жігіт



Pdf көрінісі
бет73/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

4-мәтін 
Қарт пен тапкыр жігіт 
Бір күні бір қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе 


87474320427 
79
жатып: 
- Ата, жолды қыскдртайық,- дейді. 
Қарт: 
- Жол калай қысқарады?- дейді. 
Жігіт: 
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді. Шал 
ішінен: 
- Япырым-ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін калай 
арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп: 
- Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт: 
- Иә, - дейді. Жігіт: 
- Олай болганда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. 
Қарт тағы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынаның 
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - ден ойлайды. 
Жолда бір елге кездеседі. Бұп елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара жатыр екен. 
Жігіт: 
- Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
- Өлмесе жерлемейді ғой! - деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. Олар қабірге 
бірге барады. Шыққаннан кейін: 
- Ата, әлгі кісі өлмеген екен, - дейді. «Я, қүдай, жерленген адам калай тірі болады?»,- дейді қарт 
ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын уйіне кіргізеді де, қызын шақырып алып: 
- Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, 
- дейді. Қыз қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі магыналы екен. Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы кісі 
ма екен?» - деген ой.мен әкесіне келеді де: 
- Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. 
Әкесі: 
- Жалғыз, - дейді. 
Қыз: 
- Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдініз? - дейді. 
Қарт: 
- Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол кысқартайық», - деді. 
Мен: «Жол калай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. 
Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - 
деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл 
мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. 
Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жанагы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт 
кесапатты сөзін естідім, - дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
- Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айткан сөзіне түсінбеген екснсіз. Онын 
бірінші айтқаны. «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,--дегені. Екіншісі: «Егін 
байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын 
себеді, өнімін ертен өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды 
несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол 
шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: 
«Өлмеген адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, карт 
қателігін мойындап. жігіттің қолын алып: 
- Мен сенін айтқан сездеріңе түсіне алмай. ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай емес. сен 
ақылды жігіт екенсің, - ден, қызын соған беріпті. 
13. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс-әрекетіне қатысты нұсқа 
A) Жер тозса - тақыр, ер тозса - пақыр 
B) Сабақты ине сәтімен 
C) Көңілсіз жұмыс -өнімсіз
Д) Жолаушыны жол сынайды
Е) Қысқа жіп күрмеуге келмейді 
14. Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жагдай 
A) Қызының ақылдылыгы 
B) Шаһар жолының ұзактығы 
C) Қазақтың қонақжайлылығы
Д) Қызының өтініші 
Е) Жігіттің көңілділігі 
15. «Ащы енбекке тұщы нан» деген мақал мазмұнымен сәйкес келетін жас жігіттің «кесапатты сөзі» 
A) Төртінші «кесапатты сөз» 
B) Үшінші «кесапатты сөз» 
C) Барлық «кесалатты сөз» 
Д) Бірінші «кесапатты сөз» 
Е) Екінші «кесапатты сөз» 
16. Жігіт айткан «кесапатты төрт сөздің» тортіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал 
A) Қонақ койдан да жуас, май берсе де жей береді 
B) Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны қанайды 
C) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шыгады
Д) Үйіңе келгенде. үйдей окпеңді айтпа 
Е) Бала - артта қалган із. Бақыт - ұзатылған қыз 
17.Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 


87474320427 
80
A)Тынығып, демалу 
B)Бір-бірін арқалау 
C)Басқа жолмен журу 
Д)Бір-бірімен әңгімелесу
Е) Бір-бірін конақ ету 
18.Қариянын «жігіттің суйкімсіз мінезі бар» деуінің себебі 
A)Қызын сақгандырғандықтан 
B)Жас жігіт болғандықтан 
C)Әңгімесін түсінбегендіктен 
Д) Қонақ қылгысы келмегендіктен
Е) Жігітті жақтырмағандықтан 
19.Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген созінің мәні 
A)Ауылдастары көп екен 
B)Туысы жок адам екен 
C)Баласы жоқ адам екен 
Д)Жора-жолдасы көп адам екен
Е)Артында тұяқ қалған адам 
20.Байдың егініне сипаттама 
A)Жалга алган жерге егілетін егін 
B)Борышты өтеуге берілетін егін 
C)Көлікті жалга алып жыртатын егін
Д)Тұқымы карызға алынған егін 
Е) Желінбеген егін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет