ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»
Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанынкөзіммен көрдім" деп әрдайым айтушы еді.
1. Америка жұртының даңқты білім иесі, Вениамин Франклин жас күнінде, не себепті Медера қаласына келді деп ойлайсыздар?
А) Бір қарт адамға қонақ болып келді.
В) Қарттың немересі болатын
С) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпен
D) Қарт көмекке шақырған еді
Е) Америкаға қонақ болып келді.
2. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз.
А) Ұмытпағайсың, сен жассың
В) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.
С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстама
D) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр
3. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба?
А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керек
В) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді.
С) Иә, себебі ол қария.
D) Жоқ, келіспеймін.
Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек.
«Зор тұлға»
Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.
Достарыңызбен бөлісу: |