21. Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді?
А) Сабақты жақсы оқу керектігін. В) Ұстазыынң әкесінен қорқатынын.
С) Әкесінің талап қойғыштығын. Д) Ұстазы білімді екендігін.
Е) Ұстазды патша да сыйлайтынын
22. Мәтіннің стилі қандай?
А) Көркем әдебиет В) Ғылыми С) Ауызекі сөйлеу
Д) Ғылыми-көпшілік Е) Ресми іс-қағаздар
23. Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді?
А) Әке балаға сыншы
В) Алып – анадан
С) Бала – бауыр етің
Д) Білім – бұлақ
Е) Ата – баланың қорғаны
24. Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді?
А) Патша бұйрығын бәрінің орындау керектігін ұғындыру.
В) Балаға әкесін сыйлау керектігін түсіндіру.
С) Ұстаздың патшаны ерекше құрмет тұтатындығын дәлелдеу.
Д) Балаға патшаның ұстаздан қорықпайтындығын көрсету.
Е) Балаға барлық адамдарға тәртіп бірдей екендігін ұғындыру.
25. Патша баласы қандай еді?
А) Ашуланшақ
В) Сыпайы
С) Айлакер
Д) Шолжаң
Е) Ақылсыз
6-мәтін
Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің маңайынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы – тиіннің ақылдылығын дәлелдейді.
Өздеріңіз білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарында ұстайды. Сәндік егеуқұйрықтың басқа түрлерінен айырмашылықтары аз емес, өте ақылды, сүйкімді және адаммен ойнағанды ұнатады. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше қадірлейтін жануар болған.
26. Тиін неліктен адамға жақын аймақта өмір сүреді?
А) Ақылды болғандықтан В) Ептілігінен С) Иесін танығандықтан
Д) Тамақ іздейтіндіктен Е) Қолға тез үйренетіндіктен
27. Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырып
А) Адамға жақын жануарлар В) Ақылды егеуқұйрықтар
С) Үй жануарлары Д) Епті жануарлар
Е) Қолға үйретілген тиіндер
Достарыңызбен бөлісу: |