Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Байшегір биенің дауды шешуге жіберген кісісі



бет4/32
Дата18.04.2023
өлшемі136,15 Kb.
#174840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
О у сауаттылы ы М тіндерді м ият о ы ыз. М тін мазм ны бойынша

13. Байшегір биенің дауды шешуге жіберген кісісі
А) Қажан бала В) Қараш би С) Мастақ батыр
Д) Ұзақ төре Е) Ақжол батыр
14. Байшегір биі
А) Дауды күшпен жеңетін қаһарлы би
В) Дауды ақылмен жеңетін би
С) Дауды шешендігімен жеңген би
Д) Дауды бір қасықпен шешкен би
Е) Дауды өзі шешкен ақылды би
15. Мәтінге сай түйінді ой
А) Батырды шешен аттан түсіріпті.
В) Биің жылан болса, елің лаң болар.
С) Тура биде туған жоқ.
Д) Би екеу болса, дау төртеу болады.
Е) Әулекі би ат үстінен билік айтар.
16. Қараш бидің нөкерлікке Қажан баланы алуының себебі
А) Қажанның дене бітімі үлкен, жолбарыс киелі болғандығына
В) Ұзақ батырдың жолбарыс киелі болғанын білгендіктен
С) Ұзақ батырдың барымталап елдің малын алғандығына
Д) Қажан етжеңді, сүйекті болып, қасқыр киелі болғандықтан
Е) Ұзақ батырдың айласын біліп, аттарынан айырылып қалмауы үшін
17. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
А) Ұзақ батыр неліктен тығылды?
В) Ұзақ батырдың малын кім ұрлады?
С) Қараш би қасына кімді алды?
Д) Үлкен дауды Қараш би қалай шешті?
Е) Қажанның әкесі Мастақ қандай кісі болған?
18. Қараш бабаның Қажан баланы соңынан кіргізуі
А) Сырт көзге түсірмеу, барымталықпен алынған малды қайтарту.
В) Аттарды күзеттіру, сыртынан келер жауды бақылап тұру.
С) Елге көрсетпей тамақтандыру, қарияның аттарын ауыл маңынан іздестірту.
Д) Ұзақ батырдың сесін қайтару, үлкен қолдың соғысқа дайын тұрғанын аңғарту.
Е) Салт-дәстүрді сақтату, елге не мақсатпен келгендігін аңғарту.
19. Қараш бидің дауды шешуіне байланысты ел аузында қалған сөз
А) Бір қасықпен-ақ шешкен екен.
В) Дастарқандағы тарымен шешкен екен.
С) Жолбарыстың киесімен шешкен.
Д) Айламен шешкен екен.
Е) Жас баланың киесімен шешкен екен.
20. Қараш бидің тарыны бір асап, қасықты Ұзақ батырдың алдына қойғаны
А) «Маған елдің малын қайтарып бер» дегені.
В) «Сен қасықтап тарыны жей бересің бе?» дегені.
С) «Сен осылай елдің малын алғаныңды ұмытпа!» дегені.
Д) «Сен осылай елдің малын барымталап жей бересің бе?» дегені.
Е) «Мына тіршілікте көршілерге істеген қиянатым жетер!» дегені.
5-мәтін
Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістермен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың», - деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсізідк болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді.
Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып, рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып, не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді. Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет