57. Ақшаны көргендегі егіншінің алғашқы әрекеті
А) Тізерлеп отыра кетті.
В) Таң-тамаша болды.
С) Аяғын аяқ киіміне сұқты.
Д) Ақшаны қалтасына салды.
Е) Дауыстап сөйлей бастады.
58. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелді анықтаңыз.
А) Жақсы ниет – жарым ырыс
В) Пейілі кең – кемімес,
Пейілі тар -кеңімес
С) Ұялған тек тұрмас
Д) Жарлы болсаң да, арлы бол
Е) Адам санасын ар түзейді
59. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз.
1. Тозығы жеткен аяқ киім
2. Шәкірт бойындағы өзгеріс
3. Егінші қуанышы
60. Ұстаз ұсынысы
А) 4,3,2,1
В) 2,1,4,3
С) 3,2,1,4
Д) 4,3,1,2
Е) 1,4,3,2
61. Шәкіртті шаттыққа бөлеген сәт
А) Шаруаның алғысы
В) Аяқ киімді тауып алуы
С) Шаруаның ақша тауып алуы
Д) Ұстазына алғыс білдіруі
Е) Аяқ киімге ақша жасыруы
62. Әңгіменің түйіні
А) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын
В) Алтын көрсе періште жолдан таяр
С) Еңбектің наны тәтті
Д) Алып қуанғаннан, беріп қуанған артығырақ
Е) Жүйрік алысқа, жігіт намысқа
63. Мәтін мазмұнынан алшақ қатар
А) Шәкірт пен ұстаз, шексіз алғыс
В) Жақсы дәріс, риза егінші
С) Ұстаз ақылы, бақытты шәкірт
Д) Егін алқабы, шаршаған шаруа
Е) Жоғалған аяқ киім, егіншінің реніші
14-мәтін
І. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?
1. «Құрт – құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі», - деп жазады ұлттық тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы.
2. Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі – құрт – кальцийдің көзі. Сондай-ақ ақуызға өте бай. Сондықтан ол – құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
3. Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол – баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор. Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек – тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар. Сондай-ақ В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады.
4. Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |