Оқу сауаттылығы
Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
1-мәтін
Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш болып саналады. Осы үш жұртқа қатысты айтылатын туыстық қатынас «ағайын», «туыс», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен, бірін-бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», - деп, аты-жөнін сұрастырып отыру дәстүрге айналған.
Ата – әкенің әкесі, оны ел-жұрт «ақсақал» деп құрметтейді. Мұндай кісілер төрден орын алады, оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. Оның жолын кесіп өтуге болмайды. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата – ел ұйытқысы, батагөйі, ақылшысы болып есептеледі. Жастар атадан бата алуға тиіс. «Аталы ел – баталы» деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінгілерге заң.
1. Бір отбасындағы туыстық атау
А) Жамағайын В) Ілік С) Құдандалы
Д) Жекжат Е) Ағайын
2. Жігіттің шыққан тегіне байланысты атау
А) Қайын жұрты В) Нағашы жұрты С) Жекжат
Д) Өз жұрты Е) Жұрағат
2-мәтін
Қызыл кітап атауы қайдан шықты?
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол – «Қызыл кітап»... бізге «Қызыл кітаптың» неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?
Халықаралық табиғатты қорғау одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауға алды. Бір жылдан соң сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді және оларды бір кітапқа топтастыру болатын.
Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы «Қызыл кітап» 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Қызыл түс – әу бастан қауіптің белгісі. «Қызыл кітап» өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. «Қызыл кітапқа» енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.
«Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» бар немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапқа хатталып қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |