Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз



бет6/32
Дата18.04.2023
өлшемі136,15 Kb.
#174840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
О у сауаттылы ы М тіндерді м ият о ы ыз. М тін мазм ны бойынша

7-мәтін
Асық ату өнері
Асық атудың әр өлкеде әр түрлі атауы кездеседі. Ойнау әдіс-тәсілдері де ерекше. Ойынды: үй ішілік және далалық ойын деп екіге бөлуге болады. Үй ішілік түрі қазіргі заманға икемделіп, тақта ойыны деп аталса, далалық түрі алаң ойыны деп аталуда. Асықты ақылмен ойнау керек. Сақаң қолыңа сай, мергендігің бабыңда болса, мықты ойыншысың.
Ойынға қатысты сөздік қорымызда тұрақты сөз көп. «Асығы алшысынан түсті», «Қой асығы деме, қолыңа жақса, сақа қыл», «Асықша үйіру», «Құралайды атқан асық атпайды» деген сияқты сөздер көп. Бұрынғылар асықты қойдың немесе аңның сүйегі деп қарамаған. Оған байланысты ежелден айтылып келе жатқан ырым-тыйым бар. «Алты жыл аш болсаң да, асық етін мүжіме», - деп кішкене балаларға асық етін жегізбеген. «Қасқырдың асығын өзіңмен алып жүрсең, тіл-көзден, бәле-жаладан аман боласың», - деп ырымдаған.
Қазақ табиғатқа жақын. Ұлттық ойындардың көбін табиғаттан алған. Асық ату да дала ұландарының ермегі. Мұнда көшпенділердің дала заңы – әділідк, туралық басым. Сондықтан да ойынның тәртібі қазақ даласындай көркем. Асық, жасыл жайлау, ойыншы балалар – сәні жарасқан табиғи картина сияқты.


28. «Асығын алшысынан түссін!» тұрақты тіркесінің мағынасы
А) Шыдамдылық тілеу В) Сабырлық тілеу С) Сәттілік тілеу
Д) Байлық тілеу Е) Денсаулық тілеу
29. Асыққа байланысты балаға жасалған тыйым
А) Қой асығын асық деме В) Қасқырдың асығын алма
С) Құралайдың асығын атпа Д) Алты жыл асық етін мүжіме
Е) Асықтың етін мүжіме
30. Асық ойнауда ойыншыдан қажет ететін қабілет
А) Топ жарған көсемдік В) Тепсе, темір үзетін мықтылық
С) Ақылмен, айламен алар шешендік Д) Алдын ала болжап білер көрегендік
Е) Құралайды көзге атқан мергендік
31. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
А) Асық ойындарының қандай түрлері бар? В) Асық ойынын ненің асығымен ойнаған?
С) Асықты қай мезгілде ойнау керек? Д) Асық ойындарын қайда ойнаған?
Е) Асық ойындарының неше түрі бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет