Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз



бет16/32
Дата18.04.2023
өлшемі136,15 Kb.
#174840
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
О у сауаттылы ы М тіндерді м ият о ы ыз. М тін мазм ны бойынша

72. Ең үлкен киіз үй
А) Алтын орда В) Алтын үздік С) Ақ ала орда Д) Ақ шаңқан Е) Ақ орда
73. Киіз үйдегі киелі орын
А) Үй иесінің жататын орны В) Қонақтар орналастын орын
С) От жағылып, қазан асылатын орын Д) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
Е) Ер-тұрман, киім ілінетін орын
1.3-мәтін
ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев
«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ – 1925 жылы Парижді салған әнімен тамсантқан Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.
Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Кашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары – Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың «Амре в Париже» атты орыс тіліндегі жаңа еңбегінің таныстырылымы астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Аталмыш шара «ЭКСПО -2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды.
Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016 жылы Әміре тұлғасы театр сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын.
74. «ЭКСПО-2017» көрмесі мен әншінің 130 жылдығына арналған іс-шара
А) Қалың көрерменге жететін кинотуынды В) «Ән жұлдызы» атты кітаптың шығуы
С) Ұлттық академиялық кітапханада өткен таныстырылым
Д) Ұлттық академиялық кітапхананың ашылуы Е) Әміре туралы фильмнің түсірілуі
75. Тірек сөз бола алмайтын нұсқа
А) ЭКСПО -2017 В) Астана С) ЭКСПО -1925 Д) Алматы Е) Париж
1.5-мәтін
Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
- Ақ ата (Бөлтірікті жұрт осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? – дейді.
Сонда Бөлтірік:
- Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала – артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың – күл, қуанышың – от! – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет