81. Мәтін мазмұнына лайық атау
А) Былғары бояу В) Былғары түрлері С) Ата-баба кәсібі
Д) Аяқкиім тігу Е) тері өңдеу әдісі
82. Былғарыдан жасалатын бұйымдарды немен тіккен?
А) тарамыспен В) кендірмен С) жіппен Д) қайыспен Е) қылмен
83. Өңдеу арқылы былғары алынатын қабат атауы
А) қыртыс В) өзең С) көн Д) тері Е) шел
84. Етіктің табан бөлігіне жұмсалатын былғары түрі
А) жұмсақ былғары В) техникалық былғары
С) галантереялық былғары Д) қасаң былғары Е) қайыс былғары
85. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқа
А) Былғарының өңделу жолдары В) Былғарыны тұрмыста қолдану
С) Былғарыны бояу тәсілдері Д) Былғарының сыртқы тасымалдануы
Е) Былғарыдан жасалған бұйымдар
86. Мал терісінің қабаттары
А) пұшпақ, бүрме, тігіс В) жіліңшік, сіңір, шел
С) өзең, сіңір, тарамыс Д) қыртыс, сіңір, жіліңшік Е) шел, өзең, қыртыс
7.2-МӘТІН
1. Түркістан – Қазақ хандығыынң астанасы болған тарихи, мәдени қала. Тарихқа көз тастасақ, мұнда сан мәрте ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Тарихи деректер бойынша, Түркістан атауы «түркілер елі, мекені» деген мағынаны білдіреді.
2. Қаланың іргетасы V-VІ ғасырларда қаланып, атауы бірнеше рет ауысқан. Негізінен алғашқы атауы – Шавғар саналады. Шавғарды «Шауғар» деп те атайды. Ол сақ тілінде «Қаратау» деген мағынаны білдіреді. Қаланың атауы араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Арабтардың тарихшы-географы әл-Истахри ибн Қордаубех ат-Танрази өз жазбаларында Шавғар жайлы айтқан. «Көне Шавғар тауы ХІ ғасырға дейін өмір сүріп, ХІ ғасырдан бастап қала орталығы Яссы деп аталды» - деген ол.
3. Түркістан – Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. Отырықшы мәдениет өркендеген кезде Қазақстанның әр жерінде қалалар саны арта бастады. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан өзінің тарихи орындарымен белгілі. Шавғар қаласы пайда болғаннан кейін оның аймағында Қарнақ, Шағылжан, Қарашық, Шур (Сури) қалалары бой көтерген.
Тарихи деректерге сүйенсек, Шавғар қаласы арқылы Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен. Керуен Сырдария бойын қуалай жүріп, Отырар-Фараб пен Шавғар сияқты ірі қалалар арқылы өтеді. Ал Шавғардан ары Янгикентке жол тартып, Қарақұм арқылы Хорезмге барады. Янгикент оғыз тайпасының астанасы болған.
4. ХV ғасырдан бастап Яссы қаласы Түркістан деп аталды. Қазақтың атақты ханы Есімнің тұсында Түркістан Қазақ хандығының астанасы болған. Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған. Есім хан Қазақ Ордасын 1598-1628 жылдары басқарды. Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан болып тұрған кезінде ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосқан. Түркістан есім хан билегеннен бастап, ХІV-ХVІІІ ғасыр аралығында хан ордасы қызметін атқарған. Қазақ хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбенің басына жиналып, кеңес құрғаны белгілі. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз бекер қалмаған.
5. Орта ғасырда Түркістан Қазақстан жеріндегі ірі білім орталығы болған. Мұнда жазылған туындылардың авторлары көпке мәлім. Олар: Ахмет Яссауиден бастап, шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн. Сонымен қатар, Түркістан білім ғана емес, Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына да айналған. 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болды. Бұған дәлел – Ахмет Яссауи кесенесі төңірегіне қазақ хандары, батырлары мен билерінің жерленуі. Онда Шығай, есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар мен Қазыбек, Әйтеке билер, Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырлардың да құлпытасы бар.
Орта ғасырда Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты ірі шаһарлардан біздің ғасырға жеткені - Түркістан. Ол моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіріг Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен халықтардың жаугершілігін көрген. Соған қарамастан қала іргесі құламай, бүгінде Түркістан облысыынң орталығы болып отыр. Сол себепті Түркістанды «ержүрек, батыр қала» дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |