Оқу сауаттылығы Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



Дата20.11.2023
өлшемі15,85 Kb.
#192240
Байланысты:
Оқу сауаттылығы
2-нұсқа пиза

Оқу сауаттылығы
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Сөзден тосылу

Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:


- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты
да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді.Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді.Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:
- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат
асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой, - деді.
- Неге, қара зат асыл емес пе? –дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:
- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді.
Мен:
- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның
асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара
болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда Әбіш:
- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. -Ақылмен білдім, - дедім мен.
- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл -нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?-д еді.
Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.
1. Басты кейіпкерлер кімдер?
А) Абай мен Наушабай В) Наушабай мен Әбіш
С) Абай мен Әбдірахман Д) Әбдірахман мен Әбіш Е) Наушабай


2. Әбіш демалысқа қайдан келді?
А) Семейден В) Петербордан С) Санкт Петербург Д) Омбыдан Е) Петербурдан


3. Қараның екінші қасиеті
А) сақал- шаш қара болады В) көздің қарашығы қара
С) сия қара Д) қара сиядан өнер- білім алады Е) қара әдемі түс


4. Әңгімедегі жалқы есімдерді ата
А) ақ-қара В) сақал- шаш С) Наушабай, ақыл Д) Абай мен сөз
Е) Абай, Әбіш, Наушабай


5. Бұл әңгімеден не түйдің?
А) жас жігіт бәрін біледі В) Абайдан баласы ақылды
С) көп оқыған адам біледі Д) Әбіш тапқыр
Е) көпті көрген адам бәрін біледі


6. Мәтін бойынша 1 оңай сұрақ бір қиын сұрақ құрастырыңыз



  1. ___________________________________________________________________________________________________________________


  1. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________-


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет