Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақты анықтаңыз.
A) Көшпенділер уақыт пен өлшемді қалай анықтаған?
B) Қашықтықты анықтауға байланысты айтылған тұрақты сөз тіркестері қалай аталады?
C) Уақыт мезгілдерін анықтауда өлшемдердің көптігі нені білдіреді?
D) Халық өлшем бірліктерін не үшін қолданған?
E) Халық өлшемдерін бөліп, жіктеп айтуға бола ма?
4-мәтін Қазақстан тəуелсіздікке қол жеткізген күндерден бастап əлемді бірігуге, өзара қол ұшын беру мен демеуге шақырып келеді. Рухани тамырынан қол үзбеген дəстүрлі қоғамымыз жаңа əлемдегі жаңғыру үдерісін сəтті де тиімді игеру үстінде. Әйтсе де, елдігімізді қалауда қоғамда болып жатқан көкейкесті мəселелер баршылық жəне олардың бірі жаһандану аясындағы адам құндылықтарының трансформациясы, құнсыздануы, құбылмалы күй кешуі, шектік өлшемдерден шығып кетуі болып отыр.
Жаңа технология адамзаттың бірігуіне түрткі болып, мəдениеттер мен дəстүрлер, ұлттық құндылықтар арасындағы белестерді алуда. Ішкі мəдени колорит пен мəнділік мазмұнының оңтайлы жаңғыруының ерекшеліктері мен негізгі тетіктері баршылық. Мəселен, олардың кейбірін икемдеу қажет:
халықаралық жəне ішкі дамудағы өзекті мəселелер бойынша нақты бағыттарды жоғалтып алмау;
келісімге дайын болу жəне экстремизм элементтерінен алшақ болу.
Бұл позитивті қадамдар түптеп келгенде дамудың инновациялық түріне бағытталған жəне олар жаһандық əлемге енуге, ондағы өз орнын табуға мүмкіндік береді.